Боранбаев: өзі түрмеде, бизнесі Ресейде

McDonald’s компаниясының Ресейдегі ресторандарын басқа атаумен ашу талқыға салынып жатыр. The Bell басылымының ақпаратына сүйенсек, осы аты ауысқан жаңа брендті қазақстандық миллиардер Қайрат Боранбаев сатып алуы мүмкін.

Ақниет Аманжолқызы

  • 19.05.2022

Америкалық McDonald’s компаниясы осы апта Ресей нарығынан кететінін жария еткен. Алайда оның ресторандары толық жабылмай, тек аты өзгеріп, жұмысын жалғастыра береді. Басылымға ақпарат берген үш адамның екеуі McDonald’s-тің Ресейдегі ресторандары Боранбаевқа тиесілі «СПП» компаниясының иелігіне өтеді деген пікір айтқан. Қазақстандық миллиардерден бөлек, бұл франшизаға иелік етуге ресейлік бизнесмен Александр Говор да үмітті.

Айта кетейік, Боранбаевтың «СПП» компаниясы көрші елдің Свердловск, Оренбург, Челябинск, Курганск, Тюмен және Киров облыстарындағы McDonald’s ресторандарына ие. Басылым мәліметінше, егер келесі аптаның бейсенбісі келісімге қол қойылса, Боранбаев McDonald’s-тің Ресейдегі барлық бизнесіне иелік ететін болады.

Оқи отырыңыз: Спутник V Боранбаевпен бірге кетті ме?

Бұдан бөлек, Қайрат Боранбаевқа Қазақстан мен Беларусьтегі McDonald’s ресторандары тиесілі.

McDonald's компаниясы Ресейден толық кететіні туралы жариялағаннан кейін осы елдегі бизнесін сататыны туралы ақпарат тараған. Маусым айында меню мен қызметкерлерді өзгертпей, тек ресторанның атауы өзгеріп, қайта жұмыс бастауы керек.

15 наурызда БАҚ өкілдері кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болған және Forbes тізімі бойынша Қазақстандағы ең беделді бизнесмендер қатарынан бесінші орында еді. McDonald's-тан бөлек, оның иелігінде «Қайрат» футбол клубы, Спутник V вакцинасын Қазақстанда шығарған «НеоТекФарм» компаниясы, Алматыдағы ақылы көлік тұрақтары, бірнеше сауда орталығы және тағы басқа көптеген бизнесі бар.

Оқи отырыңыз: Боранбаевты қолдаушылар қатарына Паралимпиада комитеті мен Қайрат футбол клубы қосылды

17 наурызда сот оны квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен 2 айға қамауға алынды деген ақпарат шықты.

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды