Елімізде атом электр станциясы салынады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында атом электр станциясының құрылысына қатысты пікірін білдірді.
"Үкіметтің назарында тұрған ауқымды жобалардың бірі – атом электр станциасының құрылысы. Атом электр станциясын салу арқылы үкімет энергия тапшылығын шешіп, дәстүрлі жолмен, яғни, көмір, газ, су арқылы энергия алудағы қоршаған ортаға тиетін залаларды азайтпақ.
Бұл ретте үкіметтің тиісті жол картасы бар, оның аясында осы кезеңде қоғамдық тыңдаулар өткізу және осы станцианың құрылыс алаңын анықтау жоспарлануда. Одан әрі шешім осы қоғамдық тыңдаулар мен сарапшыларды тарта отырып, үкіметтің консультацияларының қорытындысы бойынша қабылданады",- деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов станцианың құрылысына көп су мен қаржы қажет болғандықтан, Қазақстан атом электр стансасын салудан бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын. Жауап ретінде министр бұл жобаның тоқтатылмағанын, ал «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясы өткізген конкурстың күшінде қалғанын айтты. Бір ай бұрын айтылғандай, құрылысқа қатысуға әлеуетті қатысушылар әлі қаралуда және түпкілікті шешім қабылданған көрінеді.
2022 жылдың маусымында Қ.Тоқаев алғаш рет билік атом электр станциасын соғу туралы шешім қабылдағанын және жаһандық компаниялардың ұсыныстарын зерделеп жатқанын айтқан. Содан кейін жоғары қуатты реакторлық технологиялары бар төрт компанияның тізімі жасалды: кореялық KHNP, қытайлық CNNC, француздық EDF және ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы. Қараша айында құрылыс барысында Қазақстан француздық Assystem компаниясымен ынтымақтасады деп хабарланған болатын. Олар техникалық кеңес беріп, қызметкерлерді дайындауға көмек көрсетеді. Электр станциясының қуаты 2,8 мың МВт-қа дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сол кезде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы болған Сәтқалиев қазіргі энергетикалық балансты ескере отырып, АЭС 2032 жылға дейін салынуы тиіс екенін айтқан болатын.
Биыл ақпан айында Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп, құрылысқа МАГАТЭ сарапшылары тартылды. Ал сәуір айында Тоқаев МАГАТЭ бас директорымен атом электр станциясының құрылысын жеке талқылады. Десек те кейбір қоғам белсенділері атом электр станциясына құрылысына қарсы. Ал сарапшылар Орталық Азия оның ішінде Қазақстанда алдағы жылдары электр қуатына сұраныс еселеп өсетінін, осы сұранысты АЭС салу арқылы шешуге болатынын ғана айтады.
Еліміз бойынша кейінгі он жыл ішінде осы салада қызмет етуге тиіс мамандар әзірленді. Алайда, қажеттілік болмаған соң көп бөлігі өзге салаға ауысып кеткен. Айталық, жоғарғы оқу орнын тәмамдаған түлектердің 30 пайызы ядролық физика бағытында тұрақты еңбек етуде. Сонымен қатар арнайы институттар тапшылығы анық байқалады. Атом электр станциясы салынған жағдайда аталған мәселелер оң шешімін табуға тиіс.
Дәл қазіргі уақытта 20 мыңнан астам маман отандық атом энергетикасы саласында қызмет атқарады. Аталмыш саланың ұңғыл-шұңғылын білетін Асуан Сиязбекұлының айтуынша, атом электр станциясын шамамен алпыс жыл ел игілігіне қолдануға болады. Сұраныс артса, қолданыс аясын жиырма жылға ұзартуға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде энергия тұтыну мөлшері 2030 жылы 23 ГВт-ға ейін көбейеді. Бұл жұмыстар бойынша әлі де әлемдік озық тәжірибелер жіті назарға алынады.