Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Politico: Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім «апта соңына дейін» жарияланбақ

Әлем
Politico: Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім «апта соңына дейін» жарияланбақ
Фото: EPA

Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуы тиіс бейбіт келісімді жариялауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Politico басылымының Ақ үйдегі тілшісі Даша Бернс мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері келісімнің барлық тараптармен келісуі осы айдың соңына дейін, тіпті «осы аптада-ақ» болуы мүмкін екенін айтқан.

Politico АҚШ армиясы министрі Дэн Дрисколдың күтпеген сапармен Украинаға барғанын еске салады. Ол Владимир Зеленскиймен кездесуі тиіс. Одан кейін Украина президенті Түркияға, Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздерге аттануды жоспарлап отыр.

Ал Axios порталының хабарлауынша, АҚШ пен Ресей Украина бойынша 28 тармақтан тұратын құпия жоспар әзірлеуде. Осы жоспарды талқылау үшін Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Майамиға барған.

Алайда Politico атап өткендей, бұл бейбіт жоспарды әзірлеуге Украина да, АҚШ-тың еуропалық одақтастары да қатыспаған сияқты. Сонымен бірге құжатта ең күрделі мәселелер бойынша қандай шешімдер ұсынылатыны әзірге белгісіз — Ресейдің басып алған украин жерлерінің мәртебесі, украиналық балалардың ұрлануы және Украинаға келешектегі қауіпсіздік кепілдіктері.

Ақ үй бұл бейбіт келісімді Зеленскийге қабылданып қойған шешім ретінде ұсынбақ, деп жазады Даша Бернс. Ол АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздің «Біз Украинаға ұсынатын нәрсе — ақылға қонымды» деген сөзін келтіреді.

Politico жазғандай, Трамп әкімшілігі соғыстағы ауыр жағдай мен елдегі коррупциялық дау-жанжал Зеленскийді ұсынылған шарттарды қабылдауға мәжбүрлейді деп санайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу