Есірткімен алысқан боп, айналысқан сақшы

Malim Админ

  • 17.07.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз алаңында адам сенгісіз жәйт айтылды. Бірақ неге адам сенгісіз? Қазір бәрі мүмкін. Қалыпты жағдайға айналып барады. Ал шын мәнінде бұл факт адам шошитын дүние ғой. Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігіне ілінді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтып берді.

Оның сөзіне сенсек, Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған өңірдің полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын әшкерелеген.

«Ол жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Қазақстан Ресбуликасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», - деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Бұл фактінің масқаралығы неде? Есірткіге қарсы күресуі тиіс адам сыбайлас жемқорлыққа барып отыр. Бұл жерде бір емес – екі қылмыс. Бірінші, сыбайлас жемқорлыққа барып отыр. Екінші есірткінің таратып отыр. Себебі соған ат салысып, кө жұмып жүрген. Аталған факт ойынша, шенеунік тиісті жазасын алады деп үміттенеміз.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты