Кәсіпкерлер жамбылдықтарға жәрдемдесті

Жамбыл облысында кәсіпкерлер карановирус індетіне қарсы күреске өз үлестерін қосып жатыр. Олар 350 миллион теңгеге қайрымдылық көрсеткен. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.
Қайрымдылық ақциясына Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған. Бірінші арнайы топ облыстағы барлық аудандарды аралап шыққан. Бірінші кезекте қажет заттар тізімделген екен. Мәселен Байзақ ауданына Цефтриаксон, зитрокс, ацетилсалицил, антигриппин, парацетамол, глюкоза т.б дәрі-дәрмектер жеткізілген.
«Үлкен қалалар мен облыс орталықтарындағы жағдай БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы бірден тарайды. Қиырдағы аудандар да олай емес. Сондықтан да біз қазақтың күре тамыры ауылдар мен аудандарды аралап шықтық. Антивирустық, ыстықты түсіретін дәрілерді жеткіздік. Бұл шараға ат салысқан барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді. Енді облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен облыстағы жедел жәрдем автокөліктерін жаңартуды қолға алмақпыз», - дейді Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Олжас Қаржауов.
Сондай-ақ, Қайрымдылық ақциясында Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстағы дәріханалардан тапсырыс алып, арзан бағаға дәрі-дәрмек тауып беру жағын қолға алған. Қазір Шымкент қаласындағы «Зерде» дәріханалар желісімен осы бағытта жұмыс басталып кетіпті.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.