Көпбалалы аналар: Індетті жеңу үшін вакцина салдыру керек

Malim Админ

  • 26.07.2021

Нұр-Сұлтанның әлеуметтік қызметкерлері, көпбалалы аналар қазақстандықтарды вакцинациядан өтуге шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Strong mothers» (Мықты аналар) қорының қызметкерлері көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жұмыс істейді. Қиын күндері әкімдіктің қолдауымен жалғыз басты аналарға және халықтың өзге де осал топтарына жан-жақты көмек көрсетеді. Олар қазіргідей жаппай вакцинация кезінде екпе алып, иммундаудан өтуге шақырды.

«Біздің қор көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаумен айналысады. Оқу орталығында балаларға ағылшын тілін, шахмат, домбыра, гитара ойнауды, ментальді арифметика, робототехника және өзге де көптеген нәрселерді үйретеміз. Елорда әкімдігіне біздің қорға қолдау көрсеткені және жалпы әлеуметтік осал отбасыларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында балаларымыз күлімсіреп сабағына барып, оқуға мүмкіндік алды. Әрине, елімізге ғана емес бүкіл әлемге пандемия қиындық тудырып тұрғанда шетте қалмай, вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Өзіміз үлгі көрсетіп, жақындарымызды қорғағымыз келеді. Ел тұрғындарын вакцинаның екі компонентін алуға шақырамын. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырмайынша, бұл ауруды жеңе алмаймыз», - деді 4 баланың анасы, «Мықты аналар» қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева.

Көпбалалы аналар коронавируспен қазір балалар жиі ауыра бастағанын айтты. Вирус ешкімді таңдамайды, үлкенге де, кішіге де қауіпті. Оның зиянынан тек вакцинация арқылы қорғануға болады.

Айта кетейік, елордада иммундау жүйесіне күмән келтіретіндер қатары азайып келеді. Қала тұрғындары жаппай вакцинацияны қолдайды, осылай ғана қауіпті вирустың зардаптарынан өзін және өзгелерді қорғауға болатынын біледі.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 326 мыңнан астам адам алды, ал 219 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған