Маңғыстау шенділері Н.Ноғаевтан сөгіс естіді (видео)

  • 29.09.2021

Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалғанына үш апта өткенде Нұрлан Ноғаев бірінші орынбасарынан бастап бірқатар аудан әкімдеріне сөгіс берді. Олардың қатарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев, Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков және Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов бар.  Абзал Меңдібаев бұл  қызметке облыстың бұрынғы әкімі С.Трұмовтың тағайындауымен келген-ді.  Ал Қ.Беков пен Б.Әбілов Трұмовтың алдындағы облысы әкімі қазіргі вице-премьер Тоғжановтың кезінде тағайындалған. 

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен Саяси Кеңес Бюросының отырысында аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларының есебі тыңдалған. Отырыста билік партиясының облыстағы сайлауалды бағдарламасы іске асыру туралы жоспары қаралған.  Бұл бағдарламада әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және де басқа 112 шара енгізілген.

- Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден жол картасын сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз, - деген Нұрлан Ноғаевтың кадрларға, олардың жұмыстарына көңілі толмағанын жеткізгендей.  Маңғыстау облысына әкім боп тағайындалғаннан кейін  Н.Ноғаев жергілікті ақсақалдармен кездесіп, ондакадр ауыстыру мен команда жинауды да сөз еткен еді.   «..Талапқа сай келмесе, онда қозғаймын. Бірақ топырлатып ауыстырмаймын»,- деген сол жиында Н.Ноғаев.


Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы

 

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді