Мақат ауданын тастап қашып кеткен әкім Атырау қаласына әкім болып сайланды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкін тағайындалды.

Malim Админ

  • 10.07.2023

Шәкір Кейкіні қазақстандықтар Қаңтар оқиғасы кезінде таныған. Ол 2019-2022 жылдары Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған. Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары 2022 жылы 4 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасын елу теңгеге түсіруді талап етіп наразылыққа шыққандарға қолдау білдіріп, алаңға жиналғанда ауданның әкімі бірінші күні келгенімен ертеңіне көрінбеген, полиция да келмей қойған.  Әкім ауданды тастап Атырауға кетіп қалғанын білген соң жергілікті халық өз қамын өзі ойлауға кірісіп, қоғам белсендісі Ғазиз Ғабдуллинді әкім етіп сайлап алған.

Қаңтар оқиғасы біткесін облыс әкімі сөзінен тайып, Шәкір Кейкін аудан әкімдігі қызметіне қайта кіріскен.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі қызметке тағайындалғанға дейін Шәкір Кейкін Сауда және интеграция министрлігі Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025
MalimBlocks