Миллиардтқа жуық теңгеге мың адамды ауыз сусыз қалдыру ісі сәтті жүруде

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Бұлан, Жамбыл ауылдарының тұрғындары ауыз сусыз қалуы мүмкін.

Есенжол Елекенов

  • 10.10.2023

Себебі, бюджет қаржысынан 671 млн теңге бөлініп, тартылып жатқан ауыз су жүргізу жұмыстары уақытында аяқталмағаны өз алдына, өте сапасыз жүргізілуде. Қалай болса, солай салынып жатыр. Мұны республикалық «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Бауыржан Ахметжан айтты.
Оның сөзінше, мердігер мен Сырым ауданы әкімдігі заңды белшеден басып, тұрғындардың құқықтарын бұзуда.
-Сырым ауданы әкімі Жұмакелді Батырниязов пен орынбасары Ерболат Ахметов және құрылыс бөлімінің жауапты тұлғалары тарапынан маңызды әлеуметтік инфрақұрылым нысанына бақылау жүргізілмей отыр. Соның кесірінен биылғы қыста ауыз сусыз қалу қаупі бар Бұлан, Жамбыл ауылдарының мыңға жуық тұрғынның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуда. Заңды өрескел бұзу және бірнеше қосалқы мердігерлерді пайдалану, құрылыс материалдарын үнемдеу және сметалық құжатта көрсетілген жұмыстарды орындамау бойынша бұзушылықтар бар,-дейді Бауыржан Ахметжан.
Оның сөзінше, өзі анықтап шыққан кемшіліктерге қарағанда бірде бір жұмыс дұрыс атқарылмаған. Мәселен, біріншіден, траншеялардың ені 60-70 см қазылған, ал жоба бойынша ені 1,2 метр болуы керек екен. Екіншіден,  құдықтағы темірбетон шеңберлерде жарықтар бар және олар цемент ерітіндісіз отырғызылған. Үшіншіден,  шеңберлер тек 1 жұқа гидрооқшаулағыш қабатпен өңделген. Төртіншіден, құдықтардың үстіңгі жағы су өткізбейтін жабынмен жабылмаған, оларға қиыршық тастар төселмеген. 
«Бесіншіден, пластик қақпақ орнатылған, ал сметада шойын қақпақ. Құбыр үстіндегі топырақ тығыздалмаған. 7,9 км сигнал таспасы мен болат сым орнатылмаған. Алтыншыдан, пластик құбырларды сынау жүргізілмеген. Жетіншіден, су құбыры нысаны абаттандырылмаған.  Көгалдар егілмеген. Жобаға сәйкес 1 мың көшет егілу қажет. Сегізіншіден, су резервуары лас және лай сумен толтырылған, бетінде қоқыстар қалқып жүр. Су мұнарасының стяжкасы толық құйылмаған, негізінде қиыршық тас жоқ. Құбыр мен корпус арасы полиуретанды көбікпен толтырылған. Құдықтың іші дымқыл әрі су кірген, ал ол болса жобаға қайшы»,-деді Бауыржан Ахметжан.

Белсендінің бұл сөзін жергілікті депутаттар да растап, қолдап отыр. Мәселен,  Сырым ауданды мәслихат депутаты Серік Зиятов өзінің Facebook-паршасында жазба жариялап, аудан шенеуніктерін сынға алды.

-Көріп отырғанымыздай, істің кемшілігі көп және сапасыз жасалып жатыр. Қарапайым ғана  25 дана пожарный гидранттың өзінің түбін дұрыс бетондалмағанына қарап та жалпы картинаны елестетуге болатын шығар. Басшылардың 3-4 жылда қызметі  ауысып кетеді. Мердігерді де ақшасын алған соң, ұстай алмаймыз. Ал, ауылдың халқы қалады. Сондықтан  жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді түзетпей, жұмысты қабылдамауымыз керек,-дейді жазбасында Серік Зиятов.
Malim.kz тілшісі Сырым ауданы әкімі Жұмакелді Батырниязов пен мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС-на қанша хабарласса да, олар қоңырауға жауап бермеді. 

Басты фото: Көрнекі сурет

 

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды