Оралда шорт-трек шеберлері жыртық матраста жаттығып жүр

Орал қаласында шорт-трек шеберлері  шұрық-тесігі шыққан матраста жаттығуға мәжбүр. Төсеніштер 20 жылдан бері ауыстырылмаған, әбден тозған.

Есенжол Елекенов

  • 12.07.2023

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде журналист Аслан Қажкенов жазды.

Оралдағы шорт-трек шеберлері жаттығатын жер. Біреу білсе, біреу білмес, отандық шорт-тректің негізі осында қаланған. Яғни, ұлттық құрамадағы бұрынғы және қазіргі қыз-жігіттердің түгелдей дерлігі осыннан шықты. Тіпті, әлі күнге дейін негізгі резерв осы жақтан алынады. Ал енді олардың жаттығатын жағдайын қараңдар. Мына төсеніштерді қолданып жүргеніне 20 жылдан асыпты. Оны балалар мұзға өздері тасиды, өздері орнатады. Жаттығу біткесін өздері жинайды және сол жерде жыртығын жамайды. Масқара ғой. Осыларды естіп, көңілім түсіп кетті. Не деген сорлылық? Не деген бейшаралық?,- делінген журналист жазбасында.

Аслан Қажкенов «Отандық спортқа жауаптылар, қала берді, облыстық спортқа жауаптылар не дер екен? Жағдайды білесіздер ме? «Бәрін керемет қылдық, бәрін қырып-жойдық» деп есеп бергенде, алдарыңа жан салмайсыңдар. Қай елде әлі күнге дейін осындай төсеніштер қолданады? Қай елде болашақ чемпиондарына осындай жағдай жасайды? Сөз жоқ…» деп спортқа жауапты шенеуніктерді де сынға алған.

Шорт-трек жаттықтырушысы Нұржанар Жұмағалиева жыртық төсенішті пайдаланып жүргендеріне біраз жыл болғанын айтады.

Жыртық матраста жаттықтырып жүргеніміз рас. «Төсеніштерді жаңартамыз» дегендеріне біраз болды. Айтады, бірақ ауыстырмайды. Өздеріңіз келіп, көрсеңіздер де болады,- деді қысқа пікір білдірген Нұржанар Жұмағалиева.

Malim.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының баспасөз қызметіне хабарласып, бұл мәселеге қатысты пікір білдіруін сұраған.

Бұл мәселе бойынша хабардармыз, осы жылдың соңына дейін шорт-тректен жаттығу жағдайын жақсарту мақсатында алдағы маслихат сессиясында қаржы мәселесі қарастырылып, жаңа құрал-жабдықтар (маттар) алынатынын хабарлаймыз,-делінген басқарманың жазбаша жолдаған жауаптарында.

Байланысты жаналықтар

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

03.05.2025

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

02.05.2025

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

01.05.2025

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

29.04.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025
MalimBlocks
Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Ол допты алу үшін электр станциясына шыққан

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды