Өскеменде ұшақ құлады
Өскеменнен Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылына бағыт алған АН-2 ұшағы құлады. Бұл турал оқиға орнынан МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.
Екі ұшқыш дәрігерлермен бірге Ақсуатқа науқасқа көмек көрсету үшін аттанған екен. Алайда әуе көтерілгеніне бес минут өткенде ұшақ Глубокое ауданындағы Прапорщиково ауылында құлаған. Апат 12-30 болған. Ұшақтағы бес адам да аман. Қардың қалыңдығынан адамдар аман қалды деген болжам бар. Самолеттағылар бір-біріне көмектескен. Және көмекті де өздері шақырыпты. Құтқарушылар бес минуттан кейін апат болған жерге жеткен.
Жанболат САНИЯЗ
Фото автордікі.