Қанша адамның өмірін құтқарып қалғанымыз маңызды - Украинаға көмек туралы

Айшолпан КЕРІМ

  • 29.03.2022

Қазақстан азаматтары Украина халқына көмек ретінде екі апта ішінде екі миллион доллардан аса қаражат жинаған. Бұл туралы Украинаға гуманитарлық көмек есебі бойынша өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Ерікті Рахымбек Әбдірахманов қиын жағдайда қалған Украина халқы үшін ел азаматтары лезде ақша жинап бергенін айтады. Оның сөзінше қазір қаражат жинау уақытша тоқтатылған, алайда бірнеше күн ішінде ізгі азаматтар шотқа шамамен 500 мың теңге жинап үлгерген.

Әбдірахманов Украинаға көмек акциясы Ресей-Украина арасындағы соғыс ақталғанша жалғасатынын айтып, осы жолғы акция есебін бөлісті.

“Астана бойынша алты мың адам 51 миллион теңге жинап берді. Оның 36 миллионы елшілікке табысталды, ал 13,5 миллионына қажетті заттар сатып алынды. Қосымша келіп түскен 500 мың теңгені жақын күндері елшілік шотына аударамыз”, - дейді ол.

Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 131 миллион теңге жиналған. Бұл туралы қайырымдылық акциясының Алматы қаласы бойынша жауаптысы Тоғжан Қожалы есеп беріп, ел арасында оларды жемқор деп атап, арандатуға ұмтылғандар көп болғанын айтты.

“Алматы бойынша 131 миллион теңге жиналды, 75 миллион теңге қажетті тауар алуға жұмсалды. Осыған дейін Украинаға Алматыдан ұшақпен 2 рет жүк жіберілді және астанадан жөнелтілген гуманитарлық көмекпен бірге бір рет тағы жіберілді. Осы орайда Алматы әуежайына алғыс білдіргім келеді, мұндай тәжірбие бәрімізде бірінші рет және бұл - өте игі іс.

Десе де бізді қаралауға тырысып, желіде жемқордеп бас салып жатқандар көп, барлық есеп қолымызда тұр”, - дейді ол.

Алматыдағы қайырымдылық акциясына 500 ерікті жұмылдырылған, оның ішінде 20 адам күнделікті тұрақты жұмыс негізінде еңбек еткен.

“Kaspi шотымызға 11 мың адам аударым жасаған. Бізді көбі сол аударым жасау арқылы қаражат жинағанымыз үшін сынға алды. Бірақ экономист ретінде мұның еш әбестігі жоқ екенін, қажет кезде кез келген анық есепті шығарып алуға болатынын айта аламын. Тырнақ астынан кір іздеуді қою керек. Көмекті қалай жинағанымыз емес, Украинада қиналып жатқан қанша адамның өмірін құтқара алғанымыз маңыздырақ деп ойлаймын. Оның үсітне бұған дейін ресми елшіліктің көмек қоры болды, соғыс басталғалы Украинаға көмек бергісі келгендер көп болғанымен, қалай, кімге жүгініп көмек жіберерін білмеді. Елшілік шотына 100-150 теңге аударып болса да, көмектесуге ниет еткендер көп. Көмек осылай құралады. Бұл тұста банк қосымшасы арқылы аударым жасау жұмысты біраз жеңілдетті”, - дейді Әбдірахманов.

Алайда көп ұзамай еріктілер банк қосымшасының “Қайырымдылық” бөлімінен ресми шот аша алған. 

“Енді қаражат Kaspi қосымшасының қайырымдылық бөлімі арқылы жиналады. Осы үшін де банк басшылығына алғыс білдіреміз. Украина халқына көмек көрсету әлі де жалғасады. Слава Украине”, - деп түйіндеді Қожалы.

Айта кетейік, Ресей-Украина қақтығысы басталғалы Қазақстан азаматтары гуманитарлық көмек жіберіп, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен азық-түлік арқылы және қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Күні кеше Алматыдан тағы бір ұшақпен 17,5 тонна жүк тиелген көмек жөнелтілді.

"2022 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізу үшін арнайы рейсті ұйымдастырды.

Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін