Қаңтар оқиғасында қаза тапқан курсанттардың отбасына баспана беріледі

Айшолпан КЕРІМ

  • 06.04.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған үш курсанттың отбасына баспана бөлу мәселесі 25 сәуірге дейін шешіледі. Бұл туралы премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шекара академиясының курсанттары мен шекарашылар Алматы қаласы әкімдігі мен басқа да стратегиялық нысандарды қорғауға қатысқанын айтты. 

"Алматыда көз жұмған бес шекарашы арасында үш курсант бар. Олар Мейірхан Бітім, Әділқан Жайық және Дәулет Жұпарбеков. Мейірхан мен Дәулет небәрі 19 жаста, ал Жайық 22 жаста болды. Президент жарлығымен олар үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - деді депутат мәжіліс отырысында.

Депутаттың сөзінше, заң бойынша оларға 500 АЕК немесе 1,5 миллион теңге біржолғы ақшалай өтемақы беру қарастырылған.

"Өңірлерге сапармен барғанда алматылықтар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Шекара академиясы курсанттарының отбасына пәтер бөлу туралы мәселе көтерді. Осы мәселе үкіметте талқыланды ма, қандай шешім қабылданды?", - деп сұрады депутат.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қаза тапқандардың отбасын үймен қамту мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Ол қаңтар оқиғасы кезінде 19 құқыққорғаушы, соның ішінде Шекара академиясының үш курсанты қаза тапқанын еске салды.

"Бүгінгі таңда шешім қабылданып қойды. 13 адамның отбасына баспана берілді. Қалған алтауының, соның ішінде курсанттардың мәселесі бойынша мен өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі", - деп сендірді Тоғжанов.

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

02.10.2023

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

29.09.2023

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

27.09.2023

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

26.09.2023

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

26.09.2023

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

25.09.2023
MalimBlocks
Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

С 2024 года в Казахстане введут накопительную систему "Келешек", инициированную правительством.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

«Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

Науқас үш ай бойы мүлдем ұйықтай алмаған     

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

Несогласие с нашумевшими расчетами о минимальной зарплате в 300 тысяч тенге депутата мажилиса Рината Заитова выразила министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова.

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

МВД заявляет об острой нехватке вытрезвителей. Это мешает превенции, так как большинство бытовых преступлений казахстанцы совершают в состоянии опьянения.

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

Жалпы саны 24 операция жасалған