Қарасора сорға айналмасын...

Malim Админ

  • 29.07.2020

Есірткі пайдаланып, өсірушілермен күрес жалғасып жатыр. Қанша заң қатал болғанымен, адамнан айла артылар емес. Екі ауданның тұрғыны зиянды өсімдік өсіргені үшін ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері қарасора еккен, есірткі сатқан күдіктілерді ұстаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас ауданының полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп,  кезекті қарасора егістігін жойды. Мәселен, полицейлер  Түлкібас ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар алты түп өсімдік тапқан. Оған қоса тінту кезінде жедел уәкілдер,  күдіктіден өсімдік тектес ерекше иісі бар үш орама затты тәркіледі. Айғақты зат ретінде алынған есірткі түптері  мен орамалар сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, құрамында есірткісі бар өсімдіктің түптері  “қарасора” болып шықты, ал орамаларда “кептірілген марихуана” сақталған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 70 гр асты. Аталған жайт  СДТТБТ-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің екі бабы бойынша тіркелді: 300-бап “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” және 296-бап “Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу“. Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері ер адамның үйінде есірткі заты бар өсімдіктерді қандай мақсатта өсіргенін және сақтағанын анықтауда. Ал, Мақтаарал ауданында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің полицейлері ауыл тұрғындарының біріне бес мың теңгеге ішінде есірткісі бар сіріңке қорапшасын сатқан ер адамды құрықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер сіріңке қорабын алып, сараптамаға жіберді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі затының салмағы үш грамм марихуананы құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикссы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды