Қазақ жерінде қазақтың демалуға ақшасы жете ме?

Energyprom.kz сайты елдегі ең танымал туристік бағыттарды атап және олардың бағасына сараптама жасады. 

Malim Админ

  • 26.06.2023

Биыл отандық шипажайлардағы демалыс  қазірдің өзінде қол жетпейтін бағаға шарықтап тұр.

2023 жылдың бірінші тоқсанындағы деректерге сәйкес демалыс орындарда баспана жалдау ақысы 30 пайызға жуық өскен. «Мысалы бесжұлдызды қонақүйлердің бағасы бір жылдың ішінде 40 пайыздан аса қымбаттап отыр. Бір адам бір тәулік үшін орта есеппен 55,8 мың теңге төлейді. Елдегі үздік қонақүйлерде бір апта тұру құны маусым айына дейін 390,8 мың теңге болған. Маусым айында ең қымбат бағалар Щучинск-Бурабай және Қапшағай су қоймасының жағасындағы демалыс аймағында тіркелген. Қапшағай су қоймасының жағалауында стандартты қонақүйдің бір бөлмесін жалдау үшін 20 мың теңге мен 50 мың теңге аралығында төлеу керек. Ал люкс-номердің бағасы тәулігіне 119 мың теңгеге дейін барады. Бурабайда бұл ақшаның ішіне сауықтыру шаралары кірмейді, тек тұру ақысы ғана осындай. Қымбат қонақүйлерге Каспий жағалауындағы нысандар да кіреді. Шетелдік инвестор Ақтау қаласында бесжұлдызды қонақүй салғаннан бері Маңғыстау облысына шетелден ұшып келетін чартерлік рейстер саны артқан. Мысалы, былтыр Башқұртстан астанасы Уфа қаласынан, биыл Тегеран, Мәскеу, Қазан, Екатеринбург қаласынан чартерлік рейспен келушілер көбейген. Мұндағы ең төменгі баға тәулігіне 32-36 мың теңге, ең жоғары баға тәулігіне 42-48 мың теңге болған. Бірақ бұл бағаның соңғы шегі емес», - деп жазады Energyprom.kz.

Ал Алакөлде екі адамдық стандартты номер бағасы тәулігіне 15-42 мың теңге арасында, жартылай люкс номер бағасы 17-64 мың теңге арасында, люкс номерлер - 82 мың теңгеге дейін. Бұл  баға маусымдағы көрсеткіш, алдағы демалыс айы болып саналатын шілде-тамыз айларында баға тағы да өсуі мүмкін....

Байланысты жаналықтар

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

05.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болмақ

02.05.2025

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

13.04.2025
MalimBlocks
Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Алматылықтарға ескерту жасалды

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болмақ

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады