«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты
«Қазақконцерт» ұйымы дүниежүзіндегі ең ауқымды бастама – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты. Бұл акцияның мақсаты Жер шарының тазалығына адамзат назарын аудару. Бір сағатқа жарық сөндіру арқылы қоршаған ортаға аз уақыт болса да, зиян келтіреу.
27 наурыз күні 20:30-да «Қазақконцерт» ұйымына қарасты еліміздің ең үлкен «QAZAQSTAN» орталық концерт залы ішкі және сыртқы жарық құралдарын сөндірген еді. Елордамызда ғана емес, әлемнің үздік архитектуралық жобасы болып саналатын «QAZAQSTAN» концерт залы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрсетті.⠀
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан акцияға елордадағы өзге де 150 нысан қатысып, электр қуатынан ажыратылды.
Жалпы, дүниежүзіне танымал акцияға жыл сайын 180 елден миллиондаған адам қатысып, 1 сағатқа жарық құралдарын өшіреді. Бір сағаттық акция ғаламшарды бірден қалпына келтірмесе де, ауаны ластайтын электр қуатын бір сағатқа тежеп, қашықтыққа қарамастан адамзаттың бірлесуіне өз үлесін қосады.
Қазір жаһан жұртшылығы Жердің табиғи ресурстары бітіп, экологиясы нашарлап барады деп дабыл қағып жатыр. Оның үстіне адамзат саны да жыл өокен сайын артып келеді. Технологияның дамуымен қатар, оның шығаратын қоқыстары қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр. сол үшін де қазір Жасыл экономика аса маңызды. 2017 жылы елордамызда өткен ЭКСПО-ның мақсаты да қоршаған ортаның тазалығы болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=19BEwb3FGyg