Қазақшаң қалай, Қостанай?

  • 18.04.2023

Біздің аймақ Ресей мемлекетімен шекаралас. Екі ел тұрғындары араласып тұрады. Қазақи жайдарлы мінезінен танбай, ата–бабаларымыздан қанымызға сіңіп қасиет жойылмаған. Көңіліміз ашық. Алайда «Орыспен жолдас болсаң қасыңнан қанжарыңды тастама» деп ертеректе айтылатын құлаққағысты ұмытып барамыз.   Кішкене шегініс жасайық.

Ресейдін ұлы императоры  І Петр Астрахан қаласын жаулап алып, еліне қайтып бара жатқанда Еділ өзені бойындағы қазақтарға көзі түсіп, «бұл қандай халық?» деп көмекшілерінен сұраған екен. Сонда бірі «бұл халық қырғыз-қайсақтар» деп атаған. Содан император «Еділ тек орыстардікі болу керек» деп тапсырма берген көрінеді.  Ол «мына қайсақтарды арқасынан қағып, еш соғызсыз Ресейге қосып алу керек» дейді. Уақыт өте келе сол тапсырма орындалып, бас хатшы  Хрущев өз жарлығымен КазССР Президумымен келіспей Гурьев облысының Ақсарай, Қарабала, Орал облысынан Палласьовка ауданын Ресейге қосу жөнінде жарлық шығарады. Сөйтіп, қаншама қазақ ауылы ата-жұртымен арғы бетте қалды.

Тәуелсіздік алған ел өзінің ана тілінде сөйлеу керек. Халқымыздың әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиесін, дінін, тілін сақтап,  ата-бабалардан қалған аманатты келесі ұрпаққа дұрыс жеткізейік.

Қандай мемлекет болмасын өзінің мемлекеттік тілі, діні, салт-дәстүрі, өнер-мәдениеті болады. Біз осыны қанша жазсақ та, айтсақ та бір орнынан қозғалар емес. Біз қанша тырысқанымызбен өзіміз өз зердемізді өзгертпейінше ешқандай алға жылжу болмайды. Ол үшін аты шулы баптың 1-ші тармағы Қазақстан Республикасының мемлекет тілі-қазақ тілі делінген, бірақ бұл жазу заң күші жоқ құр жаңғырық. Егерде бірінші тармақ « Республика халқы қазақ тілінде сөйлейді» деп  нақтыланса ғана, толық заң күшіне иеленеді, ұлт тағдырының болашағы айқындалады.

Ресми тіл туралы тармағы алынып тасталу керек. Себебі  ресми тіл – қазақ жерінде табиғи тіл емес. Ал қазақ тілі автономды халықтың жергілікті елдің, көпшіліктің тілі. Тағы да тоқталайын, қазақтың теңсіздік халде қалуы, ұлтсыздануға  ұшырауы әділеттілік принципіннің бұзылуы болып табылады. Енді Конституцияның “Преамбула” бөлігіне келейін.  Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы деген сөздермен басталған, бұл тарихты бұрмалау. Онда неге дерсіз: Ортақ тарихи тағдыр біріктірген деген тіркес АҚШ заңынан көшірілген, өйткені әлемде ондай жалғыз халық - Америка ғана.

Ал өзгелер, оның ішінде қазақ халқы ешбір халықпен ортақтасып мемлекет құрған емес.

Қазіргі таңда да Қазақ елі ортақ тарихи тағдыр біріктерген ел емес.

Қазақ өз тағдыры өз қолында, әлем қауымдастығының тең мүшесі, суверенитетті, байырғы өз жерінде диаспораның келгеніне я кеткеніне жауапты емес.

Олардың тең жағдайда өніп-өсіп, бақытты өмір сүруін қорғауға жауапты, әлемдік ұстаным деген осы. Демократия дегеніміз – теңдік, еркіндік, әділеттілік принциптері. Оны Ата заңның баптарымен тармақтарына молынан енгізу керек, ол бейбіт өмір кепілі, яғни, бір-бірімізге зор сенім артып, өз ара түсіністікпен бір бірімізге көмектесіп, бір үйдің баласындай халықаралық қоғамдық татулықты бұзбай, тұрақтылықты сақтап алға жылжумыз керек.

Қазақ тілі - бүкіл әлемнің екінші ұстаз Ұлы ғалама бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби – тілі, қазақтың данышпан ұлы хакім Абай атамыздың тілі, кешегі дербес тәуелсіз мемлекет боламыз деп армандап, сол үшін қыршыннан қыйылып, Кеңес үкіметі атқан Алаш көсемдері Ахмет, Міржақып, Бейімбет әкелеріміздің тілі. Осының бәрін еске алып отырсаң, бізге кім кедергі?

БҰҰ ұйымның шешімі бойынша желгілікті халықтың 70% асатын болса халықтың талабына сай, сол мемлекеттің тілін тіркеуге алынады. Кейінгі кезде сен бұзылғандай боп, көше аттары өзгертіліп, Қостанай қаласында Тараң көшесі – Тәуелсіздік көшесі, Герцен көшесі – Қобыланды батыр аталса көшесі болып өзгертілді;

Затабол кенті – Тобыл қаласы аталса, Қостанай ауданың 4-5 ауылы қазақшаға ауыстырылды, зордың күшімен. Осы өзгерістерді жазып отырғанымның өзі ұят, бірақ шындық қаймағы бұзылмай тұрған Рудный қаласы орталық көшесі баяғы Ленин көсем атындағы 70 жыл шалабын шайқаса да қозғалар емес. Ресейде өз қалаларымен облыс аттарын өзгертіп жатыр. Свердлов қаласы – Екатеринбург, Ленинград қаласы – Cанк-Питербург, Брежнев қаласы – Нижний Чельный, Орынбор қаласы – Оренбург, т.б. болып өзгеріп жатқанда, біздің коммунистердің көсеміне әлі жабысып отырғанымыз ұят (Соңғы өткен халық санағы қазақтардың үлес салмағының 70 пайыздан асқанын анықтады. Ал Қазақстаннаң тыс шет елдерде қанша қазақ тұрады).

Қостанай қаласының көшелеріндегі газет-журнал сатылатын шағын дүнгеншіктерде мемлекеттік тілде газет-журнал сатылмайды; Мысалы, «Егемен Қазақстан», «Қостанай таңы», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Қала мен дала», «Замана» сияқты газеттер тұруға тиіс қой. Бұл мемлекеттік тілді қолдаудың ең бір басты атрибуты болуға тиіс еді. Әкімдіктегілер бұл жеке меншік дүнгеншіктер, сондықтан біз ештеңе айта алмаймыз деген сылтау айтып, шығарып салды. Қазақстандағы кез келген орын мемлекет меншігі болып саналады, ал ол жерде жекеменшік иелері ойларына келгенін істеуіне болмайды. Оның үстіне бұл ұлттық мәселе екенін ұмытпауымыз керек.

 Жүсіпбек Аймауытұлы: «Естеріңізде болсын, қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын. Жастарды осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған жастар, ұлт қызметкері бола алмайды»,  - дейді.

Жақсылық ЖҮНІСҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.