Қазақстанда әр балаға 20 теңгеден беріледі

Қарағандыда көпбалалы отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек ретінде 122 теңге көмек алған. Шатасып кетті деп қалмаңыз, соңында ешқанда «мың» деген сөз жоқ. Банк картасына 122 теңге келіп түскенде көпбалалы ана да 122 мың теңге деп ойлап қалғаны анық.

31 арнаның хабарлауынша, төрт баласы бар Дариға Қазанғапова жақында атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беріпті. Бұрын алып жүрген екен, жазда «аулаларыңа картоп ектіңдер» деген жергілікті әкімдіктегілер жәрдемақы алатындар тізімінен сызып тастаған. Сөйтіп, картоптың арқасында 125 мың теңгесі 1000 есе азайып, есепшотына түсіпті. Мұндайда, әлбетте, банк қателесті ме, әкімдік дұрыс жібермеді ме деген күмән болатыны сөзсіз. Қалалық әлеуметтік қорғау бөлімі ешқандай техникалық қателіктің болмағанын айтқан.

Көпбалалы отбасы мұны мазақ ету деп есептейді.

"Одан да бермей-ақ қойғаны дұрыс еді. 122 теңгемен бізді мазақ қылғанша, сізге отказ келді деп айтса болатын еді. Енді мына 122 теңгеге бала-шағама не нан, не памперс әпере алмаймын. Үкіметтің нағыз мазағы ма, не енді бұл", - дейді Қазанғапова.

Әкімдіктегілер бұл отбасыға бар болғаны 122 теңге жетпей тұрғанын асқан шеберлікпен анықтап шығыпты. Ең алдымен күйеуінің «Еңбекпен қамту» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқанын алға тартады. Одан кейін балаларға берілетін жөргекақы бар. Екі ересек те әлеуметтік (жеңілдігі бар) жолақы картасын қолданатынын есепке ала отырып, отбасының әр мүшесіне 20 теңгеден беруді жөн көріпті. Әбден цифрланып болған әлеуметтік көмектеуді есептеуші база автоматты түрде осындай шешім қабылдаған.

Президент бастап, үкімет пен министрліктің, әкімдіңтің, арнайы бөлімдердің есебінде жүретін сүйкімді цифрлар осындай 20 теңгелік көмектермен бірнеше есе үлкейтіліп көрсетілуі әбден мүмкін. Мәселен, биыл атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінген. Оның бәрі адамдарға теңдей етіп бөліп берілді деп ойласаңыз қателесесіз, осы ақшаны алуға тиіс 974 мың адамның қаншауына 20 теңгеден бұйырғаны белгісіз.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау от пен су қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп жатыр?

19.07.2021

Көрші елдерде қалыңмал қанша, жасау қандай?

28.09.2020

Той жасаған шенеунік қызметінен кетті

09.08.2021

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

17.06.2020

Ерлан Қиясов бас санитар болып тағайындалды

16.09.2020

Платить детское пособие до 18 лет предлагают в мажилисе

12.10.2022
MalimBlocks
Маңғыстау от пен су қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп жатыр?

Көрші елдерде қалыңмал қанша, жасау қандай?

Той жасаған шенеунік қызметінен кетті

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

Ерлан Қиясов бас санитар болып тағайындалды

Платить детское пособие до 18 лет предлагают в мажилисе

Группа депутатов мажилиса предлагает улучшить социальную поддержку детей в Казахстане. Парламентарии ссылаются на данные ЮНИСЕФ, которые говорят, что почти один миллион детей в республике живут в бедности – это каждый шестой ребенок.