Қорытынды кезең. Әлеуметтік-гуманитарлық олимпиада

  • 18.04.2023

 

Оқушыны дамытудың ең бір тиімді жолы – шыңдау. Шыңдаудың түрі көп, соның ішіндегіолардың өз білімдерін тексеріп, өзгелермен салыстыра отырып, деңгейін анықтауға мүмкіндік берудің бір долы – олимпиада. Қазіргі уақытта интернет желілерінің дамуы мен түрлі заманауи құрылғылардың пайда болуы олимпиада өткізуді әлдеқайда жеңілдетті. Сол себепті, елімізде соңғы кездері дәстүрлі сайыстардан бөлек, онлайн форматтағы олимпиадалар да жиі өтіп тұрады.

Жалпы, білім беру мен оны насихаттаудың, оқушыларға жақсы мүмкіндік жасау, оқу жолдарын жетілдіру және жеңілдету мәселесі «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында да айтылған. Сондықтан, біз айтып отырған олимпиадаларға осы қырынан да қарауға болады. Айталық, сіз бір жарысқа қатысу үшін соншама жол жүресіз. Кейбір ата-аналардың оған мүмкіндігі болмауы да ғажап емес, оның сыртында оқушы соншама уақыт жол жүрген соң шаршайды, мазасызданады. Топты ортада өз білгенінен жаңылып жататындар да жоқ емес. Сондықтан, ең оңтайлы жолы, қалай айтсаңыз да, онлайн формат. Короновирус пандемиясы келгенде онлайн форматты меңгермеген елдердің қанһлай қыслғаны әлі есте. Сондықтан, бұл кез келген жағдайға дайын болуға да көмектесетінін қосымша ақпар ретінде айта кетуге де болады.

Биыл 18-21 сәуір айында еліміздегі 3 қала мен 17 аймақта 9 пән бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болады. Сайыс интелектуалды классикалық олимпиадалық тапсырмалар негізінде екі турда өтеді. Тапсырмаларды олимпиадаға қатысушы оқушылар онлайн форматта тапсырады.

Конкурстың әділдігі мен ашықтығын, адал өтуін сақтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайты тікелей эфир жүргізіп отырады. Сонымен қатар, аталған олимпиаданы қадағалау мен жүргізу барысында барлық аймақтарға  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  министрлігінен жауапты қызметкерлер келеді. Олимпиаданың барысы мен қорытындысы туралы мәліметтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жарияланатын болады.

Сонымен қатар, «1 компьютер-оқушы-камера» ережесі бойынша өткен олимпиаданың мектептік кезеңінде 282 000 астам оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 730 оқушы жолдама алды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тоғыз пәннен республикалық жарыстың қорытынды кезеңіне барлығы 25 команда қатысады.

Олимпиада қорытындысына сәйкес барлық оқушыларға тиісті  жүлделері мен дипломдарын және бағалы сыйлықтарын табыстайтын болады.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін