Құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға жаңа мүмкіндіктер беріледі

Malim Админ

  • 08.07.2021

Биылғы құрғақшылық Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында әсіресе қатты байқалып жатқаны белгілі. Ыңыршағы шығып, тіске ілігер шөп таппай жүрген төрт түліктің суреті ел ішін кезіп кеткелі бері, енді не болады деп елеңдесіп қалды қазақстандықтар. Тіпті, ел ішінен өзі бастап, батысқа көмек беруші еріктілер тобы пайда бола бастады. Үкімет те бұл мәселеге бей-ай қарай алмайтыны анық. Қазіргі үкімет есебіне сүйенсек, құрғақшылыққа ұшыраған аймақтарда жағдай тұрақтана бастаған. Ең бастысы, мал өлімі тоқтаған. Ол да жөн шығар, дегенмен, елдің ендігі уайымы жазды бұлай арықтаған мал қыста қайтпек? Көктемнің көөзегінде қайтадан үзіліп кетпеу үшін жем-шөп қамдау жағы қалай болып жатыр?

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда өңірлерде малдың қыстауы үшін 6,5 млн тонна шөп дайындалыпты. Құрғақшылық жағдайында малға азық дайындау үшін атқарылатын жұмыстарды үйлестіруге ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан Республикалық жедел штаб құрылған. Өйткені, құрғақшылық салдарынан Қызылорда және Маңғыстау облыстарында мал өлімі тіркеле бастаған. Маңғыстауда 1 147 түлік қайтыс болса, Қызылорда облысында 492 мал арам өлген. Бұл, әрине, жалпы көрсеткіштің азырақ бір бөлігі ғана. Дегенмен, бұлның алдын алмаса, ары қарай асқынып кетуі мүмкін ғой.

Ендігі мәселе, жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тарапынан жасалатын, өзге де бағыттардан атқарылатын жұмыстарды үйлестіру үшін құрылған штаб отырыстарында талқыланып отыратын болады. Мал азығын дайындау жұмыстарын бақылап отыратын шағын штабтар облыс әкімдігі данынан да құрылып жатыр. Құрғақшылық байқалған облыстардың бәрі қысқы жем-шөп дайындау жоспарын жасап, қазіргі таңда сол бойынша жұмыс істеуде.

«Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес 2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша өңірлер 6,5 млн.тонна шөп дайындалған. Маңғыстау облысына 13 мың түп және 92 орам шөп әкелінді, апта сайын 5 вагон кебек жеткізілуде. Көршілес облыстар аумағында шөп шабу ұйымдастырылды. Басқа өңірлерге уақытша 6 470 бас мал тасымалданды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 637 тонна арзандатылған арпа жеткізді. Азық дайындауды жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 1,9 млрд.теңге бөлінеді. Арал ауданына 1 мың тоннадан астам шөп және 40 тонна құнарлы жем жеткізілді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 600 тонна арпа жеткізеді. 12 шабындық бригада құрылып, жем-шөп тасуға 127 автомашина жұмылдырылды. Көршілес Ақтөбе облысынан ірі жем-шөп жеткізу ұйымдастырылды. Мал азығын дайындау және қамтамасыз ету мәселелері ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерінің тұрақты бақылауында», деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.

Дегенмен, іс мұнымен бітпейтіні түсінікті. Қазіргі негізгі күш өңіраралық байланыстарды нығайту тұрғысында жүріп жатыр. Мәселен, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің фермерлері үшін мал жаюға жайылымдарды беру және шөп шабуды ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Тіпті, халыққа орман шаруашылығы аумақтарынан және табиғи резерваттардан шөп шабуға, мал азығын дайындауға рұқсат берілмек. Сондай-ақ, астықты аумақтардан сабан жинау, жеткізіп беру жұмыстары да ұйымдастырылмақ.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды