Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Қазақстан қызанағы мен бұрышын шектеусіз алады

Сұқбат
Ресей Қазақстан қызанағы мен бұрышын шектеусіз алады

Ресейге салынған көптеген санкциялардан кейін бұл елде көптеген тауарларға сұраныс артты. Соның бірі қызанақ пен бұрыш. Осыған орай Ресей Қазақстаннан келетін өнімдерге қойылған шектеуді алып тастады.

Россельхознадзор таратқан хабарламада көкөніс өнімдерін Ресейге кіргізу бойынша қойылған шектеулер алынған.

«2022 жылдың 5 наурызынан бастап тоғыз мемлекеттен әкелінетін көкөністерге қойылған шектеу алынып тасталды және тасымалдау мәселесі қайта қаралды, ендігі уақытта бүкіл территория бойынша өндірушілер мен кәсіпкерлерден шектеу туралы есеп сұралмайды», делінген хабарламада.

Тоғыз елдің тізіміне қарасақ, Ресейде қызанақ пен бұрышқа сұраныс артып отыр. Армения мен Әзірбайжан елдерінен бұрыш тасымалдауды арттыру керек болса, Қазақстан, Беларусь, Қырғыз, Түркменстан, Өзбекстаннан қызанақ пен бұрыш көптеп тасымалданбақ. Сондай-ақ,Египеттен картоп, Түркиядан бұрыш, қызанақ, кәді, баклажан өнімдеріне қойылған шектеу толықтай алынбақ.

Хабарламада санкция туралы сөз жоқ. Тек бұл шаралардың карантинге және аталған елдердегі өсімдіктерді қорғау бойынша ұлттық аймақтық ұйымдар ұсынған мәліметтерге сүйене отырып қабылданғаны айтылған. Одан бөлек, Ресей мен ЕАЭО-ға мүше елдердің фитосанитарлық талаптарын ескерілгені хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу