Саяси реформасыз экономика алға жылжымайды

Malim Админ

  • 11.05.2023

Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Референдумда республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыруды енгізу, Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешеді.

Қазақстан тарихында 2022 жылғы 5 маусым айрықша мәні бар тарихи оқиғамен есте қалды.  Дәл осы күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтті. Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын, елдің ертеңін жарқын ететін, Екінші Республиканың іргетасын қалайтын өзгерістер дәл осы жаздың 5 маусым айынан басталды. Бүкілхалықтық референдум –  Қазақстандағы өзгеше оқиға, әділеттілікке, шынайылыққа, өрлеуге, жаңаруға жасалған жасампаз қадам.

Референдумға Түркістан жұртшылығы аса дайындықпен атсалысты. Дауыс  беруге біркісідей қатысып, ерекше белсенділік танытты. Мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолдындағы өз таңдауларын жасады. Дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне асыққандар қарасы өте қалың болды. Сайлаушылар өздеріне сенімді және нені қалайтындықтарын  анық  білді. Өйткені, бұл  референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді көптің талқысына шығарып, сол арқылы халықтың мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру болып табылды. Себебі, бұл реформалар халқымызға мемлекетті басқару ісінде кең мүмкіндіктерге ие болуға жол ашты.

 Түркістан облысында саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтар саны басқа өңірлерге қарағанда өте көп болды. Сондай-ақ Түркістан облысының кейбір аудан-қалаларында   шашу шашылып, мерекеге айналды.  Бірі домбыра тартып,  көптің көңілі көтерілді. Демек бұл күн Түркістан жұртшылығы үшін ғана емес, еліміз үшін атаулы мереке.  Жақсылықтан үміт күтер ерекше күн болғаны сөзсіз. Қалың жұртшылық осы күні зор жауапкершілік танытып, отансүйгіштік қасиеттерін паш етті. Түркістан облысы – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да өзге өңірлерге қарағанда көп. Референдумға 1 млн 163 мың тұрғынның 80 пайыздан астамы  қатысып, таңдауын жасады. Осылайша,  Түркістан облысы халық белсенділігі жағынан республикада бірінші орынға шықты. Жалпы Референдумға дайындық кезінде облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 1500-дей кездесу өткізді. Оған 180 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады.

Алғашқы референдумдар тұсында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары болған соң қандай өзгеріс болады деп күтті. Өйткені бодандықтан енді босаған біздің халқымызда бардық өзгерістер тәуелсіз елдің дамуы үшін жасалады деген сенім басым болды.

Референдумнан кейін Мемлекет басшысы Үндеу жасады.

«Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып,  өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мен үшін осы жолғы референдумның жөні бөлек болды. Отбасыммен бірге қатысып, өз елімнің, жерімнің патриотты азаматшасы ретінде Қазақстанның іргетасын қалауға бағытталған алғашқы қадамымды жасадым. Мен тұрған өңірде Референдум өте жоғары деңгейде өтті. Ешкімді мәжбүрлеп, дауыс беруге шақырып жатқан жандар емес, керісінше халық өз таңдауларымен, өз қолдауларымен Референдумға ағылып келіп жатты. Қазыналы қарттар халыққа ақ жарма тілегін жолдады. Мен секілді  көп балалы отбасылар бала-шағасын ертіп барып, бұл саяси науқанның тұтас ел үшін, оның кішкене бөлшегі – өздері үшін де аса маңызды екенін ұғына білді.

 Осы арқылы ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсетті.

 Ендігі жерде біз Қазақстанның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін демократиялық құндылықтар мен қағидаттарды қоғам талабына сай белсенді түрде енгізуді жалғастыруымыз қажет.

Балнур Сапиева,

кітапханашы

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.