«Scat» әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

Авиакомпания жер учаскесін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлемеген.

Malim Админ

  • 13.03.2024

Түркістан облысының прокурорлары «SCAT» әуе компаниясы» АҚ заңсыз пайдаланған 4400 гектар аңшылық алқапты мемлекет меншігіне қайтарды.

 «13.12.2019 жылы облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы)», - делінген хабарламада.

 Прокуратура мәліметінше, авиакомпания шарт жасалған сәттен бастап жер учаскесін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлемеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде  бұйрық шығарылып (21.02.2024 ж. №20), шартты бұзу жолымен аңшылық алқап мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

 

ФОТО: pixabay

Байланысты жаналықтар

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

22.11.2024

Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

08.11.2024

Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

23.10.2024

Қазақстанда екі әуе компанияға айыппұл салынды

25.07.2024

Қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынатыны белгілі болды

24.06.2024

Қаржы министрі: Қазақстандық блогерлер мемлекеттен түскен табысын жасырып жүр

05.06.2024
MalimBlocks
Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

Оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен

Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

Хабарлама авторлары қазақстандықтарға 11 қарашаға дейін салық төлеуді ұсынды

Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

Оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылды

Қазақстанда екі әуе компанияға айыппұл салынды

Әуе компанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті.

Қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынатыны белгілі болды

Сәнді автокөліктерге ие қазақстандықтардың саны қанша?

Қаржы министрі: Қазақстандық блогерлер мемлекеттен түскен табысын жасырып жүр

Елдегі блогерлердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиардтаған теңгеге жетті