Шолақай ауылында қызды зорлап, өлтірген қылмыскерге үкім шықты 

8 күннен кейін қыз баланың мәйіті табылған

Malim Админ

  • 21.02.2023

Жетісу облысы  Шолақай ауылында 15 жастағы Құралай Қисабекованы  зорлап, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты. Ол  өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

 Ауыр қылмыс жасаған 39 жастағы Рустам Ахметовке Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов осындай жаза кесті.

Естеріңізге сала кетейік, дүйім жұртты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан тура алты ай бұрын жасалған еді. Із-түссіз жоғалып кеткен Құралай Қисабекті бүкіл Шолақай ауылының тұрғындары жанұшыра іздеген.  Алайда, тек 8 күннен кейін қыз баланың мәйіті табылған.

Мүрде сол ауылдан үш жарым шақырым жерде орналасқан қылмыскердің қыстағының маңынан табылған болатын.

Үкім кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Тергеу дерегінше, сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, айуандықпен өлтірген. Содан соң қыздың жүрек тұсынан үш рет пышақ салған. Кейін бір метр тереңдікте жер қазып, қыз баланың ұялы телефонын сындырып, мәйітті өртеп, көміп тастаған екен.

Жазасын өмір бойы абақтыда өтейтін Рустам Ахметов  бұған дейін де қылмыс жасаған.  Ол  14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсіп, оған үйленіп, жазадан құтылған. Екінші қылмысында тағы да кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, 5 жылға сотталған болатын. Енді өмір бойына бас бостандығынан айырылған ол жәбірленуші тараптың сұрауы бойынша 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды