Теңгенің дизайны өзгереді
Ұлттық банкнота дизайны өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты «Ашық НҚА» порталында Президенттің жарлығы талқыланып жатыр.
«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Президенттің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін», делінген жарлықта. Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы бойынша банкнотада сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы, Ұлттық банкі төрағасының қолы және банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба дизайнының қосымша элементтері болып табылады делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Президеттің Жарлық жобасында. Сонымен қатар монеталарда соғылған жылы белгіленеді. «Банкнотаға енгізілетін бұл жаңалықтар алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады», делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ресми мәліметке қарасақ қолдан ең жиі жасалатын – 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар екен және жалған банкноттардың басым бөлігі Алматыда анықталған.
Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.