Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

  • 06.11.2023

Биыл 5 қараша күні Түркістан облысында Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл пилоттық түрде республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Осы ретте 2023 жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңірдегі әкім сайлауы өтетін аудандар белгіленді.

– Аудан әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. Кандидат ҚР азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы керек. Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 10 қазан мен 4 қараша аралығында жүреді. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Кандидатты саяси партия не азамат өз-өзін ұсына алады. Сайлауға қатысу жарнасы 350 мың теңге, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай аудан әкіміне кандидатты ұсыну 2023 жылдың 16 - қыркүйегінен басталып, 5 қазан күні аяқталды. Жалпы аудан әкімдерінің сайлауына 30 кандидат ұсынылды.

Ұсынылған кандидаттардың 9-ы (30%) - саяси партиялар тарапынан, 21-і (70%) - өзін-өзі ұсынғандар. Бәйдібек  ауданында – 9, Созақ ауданында – 8, Мақтаарал ауданында - 7, Шардара ауданында – 6 кандидат ұсыныс берген. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Үміткерлердің орташа жасы – 45, ең жасы – 29-да, жасы ең үлкені  – 61-де, - деді Жеңіс Тілләбайұлы

2023 жылдың 5 қазандағы жағдай бойынша ұсынылған 30 кандидаттың 10-ы ресми тіркелген, ал 3 кандидат талапқа сәйкес еместігі анықталған. Қалған кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүруде.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін