Түркістан. Отыздан асқан жігіт бір ауылды басқаратын болды

Түркістан облысы, Келес ауданының Ұшқын ауылдық округінде өткен әкім сайлауының қорытындысы мәлім болып, жеңіске жеткен кандидат арнайы түрде тағайындалды.

  • 22.06.2023

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жаппар Әлсеитовтің мәліметіне сүйенсек, аталған өңірде сайлаушылар тізіміне 3375 азамат енгізілген, олардың 2453-і дауыс беруге қатысқан. Екі кандидаттың арасынан  айқын басымдықпен  жеңіске жеткен Ұшқын ауылдық округінің тұрғыны Саттаров Олжас Әбдіжаппарұлына Ұшқын ауылдық округінің әкімі екенін растайтын куәлік табыстады.

Тағайындау рәсіміне Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Мырзабаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.  Аудан әкімі Ұшқын өңіріндегі атқарылған және жоспарда бар жұмыстарға кеңінен тоқталып, сайланған әкімне ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек етуді тапсырды.

– Ұшқын ауылдық округінің потенциялы жоғары өңірлердің бірі. Тарихта өз орны қалыптасып, ауылшаруашылығы саласында едәуір жетістіктерге жеткен. Еңбекқор халықтың мүмкіндігін саралай келе мұнда кәсіпкерлік нысандарының санын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу, елді мекендердің инфрақұрылым жүйелерін жаңарту, әлеуметтік нысандарды салуға күш жұмсау керек. Аудан тарапынан қажетті қолдау болары сөзсіз, Сіз жаңа ұсыныстарды дайындап, ауылдың даму жоспарына сәйкес қажетті шараларды атқаруды тапсырамын, – деді аудан әкімі.

Саттаров Олжас Әбдижаппарұлы 1992 жылы Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округінде дүниеге келген. 2013 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде Есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары білім игері атанған. Қызмет жолын 2013 жылы Сарыағаш ауданындағы Жастар ресурсттық орталығының инспекторы болып бастап,  2018 – 2021 жылдары  Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің әскери есеп жүргізу жөнінде жетекші маман,  Ұшқын ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші, бас маман қызметтерінде жұмыс атқарса 2021 жылы Келес аудандық Спорт бөлімінің бас маманы, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Келес аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына елдің пікірі өте жоғары. Еске салсақ, 2021 жылғы 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ та қосылды.

Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталмақ.

«Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне кө­шуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі», деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Бұдан бөлек, аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізілді. 2023 жылы өткен сайлауда бұл жүйе өзін толық ақтады.  Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияландыруға бағытталған соны қадам деуге болады. Яғни бұған дейін жүзеге асқан партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы десек, қателеспейміз.  Мажоритарлық жүйе бойынша әрбір өңір Мәжіліске кемінде бір депутат сайлауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашты. Оған Түркістан облысында өткен саяси науқандар дәлел болады. Мықты азаматтарға жол ашылды. Билік пен бұқара арасында диалог нығайды.

Осы ретте «Қазақстандық қоғамдық даму инс­титуты» КеАҚ басқарма төрағасы, саясаттанушы, Ұлттық құрылтай мүшесі Қазыбек Майгелдиновтің БАҚ өкілдеріне берген пікіріне назар аударған жөн.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заңнамаға өзгертулер енгізілді. Биыл Конституцияның 33 бап, 56 тармағы жаңарды. Халық референдумды қолдады. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 800-ден астам ауылдың басшылары халықтың тікелей сайлауымен лауазым иеленді», деген болатын ол.

Байланысты жаналықтар

Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26.11.2023

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

02.11.2023

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

26.10.2023

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

19.09.2023

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

28.08.2023

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

08.08.2023
MalimBlocks
Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26 қарашада Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне  Жүсіпов Данияр Елшібекұлы сайланды.

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.