Түрме. Есірткі. Сотталған полицейлер

Абай Нұржанұлы

  • 16.07.2021

Қылмыстың түрі көп. Оның қай-қайсын да ақтау ешкімның хақы жоқ. Дүние әлемді дүрліктірген атышулы қылмысыңнан кісі ақысын жейтін ниетке дейін қылмыс деп есептеледі. Алдау, арбауды айтпағанда. Ал сол қылмыскерлер үшін қылмыс жасайтын, я қылмыс үстіне қылмыс қылатын адамдардың әрекеті екі есе жазаланса керек. Мәселе түрме туралы.

Негізі түрме адамды (қылмыскерді) түзеп, қоғамдық тәртіпке үйретін шығатын мекеме. Бірақ қазіргі түрмелерде адам түзеле қоюы қиын. Әрине түзеліп шығып жатқан азаматтар да бар. Бірақ қылмыскерлердің ортасы адамды қаншалықты түзей қояды дейсіз.

Осы айда түрмеге тыйым салынған заттарды (оның ішіндее есірткі де бар) өткізбек болған қызылордалық жүк тасымалдаушы ұсталғаны хабарланды. Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері түрмеге өтпек болған КамАЗ жүк көлігіндегі цемент қаптарын тексеркенде сотталған азаматтардың пайдалануына, қолданылуына тыйым салынған заттарды тапты. Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері «102» нөміріне хабарласып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырған.

Жүк көлігіндегі жүз тоқсан алты қап цементтің жеті қабынан он және жиырма грамдық шприцке нығыздалып салынған алпыс үш тал «өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес» зат, қырық үш ұялы телефон, он төрт тал құлаққап, отыз үш тал  қуаттандыру құрылғысы, он үш дана SIM-карта, он екі тал насыбай, он дана ойын картасы және үш литр спирттік ішімдік тәркіленді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі: «Оқиға 9 шілдеде болды. Кешкі сағат алтылар шамасында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің алдына цемент тиелген көлік келіп тоқтаған. 44 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі колония аумағында орналасқан кәсіпорынға 196 қап құрылыс қоспасын әкеле жатқанын айтқан. Тексеру барысында жедел бөлім қызметкерлері 7 қаптан 190-нан астам тыйым салынған зат тауып, тәркіледі. Атап айтсақ, 63 шприц, шамамен 0,5 келі есірткі, 43 ұялы телефон, 14 жұп құлаққап, 13 SIM-карта, 35 қауаттағыш құрылғы, 1 шағын камера, 10 қорап ойын картасы, жарты литрлік құтыларға салынған 12 «насыбай» бөтелкесі және 3 литр спирт шықты», - деп хабар таратты.

Ал заңды айналып өте беретін заңбұзушылар түрмеге тыйым салынған «тапсырыстарды» жеткізу үшін әртүрлі тәсілдер қолданған. Адамдан айла артылған ба, тапсырысты орындаушылар ұялы телефондар мен есірткінің сенімді жерде сақталуына қатты көңіл бөлгені соншалықты цемент толы қаптарды жарып қарау арқылы ғана қылмысты анықтау мүмкін болмаған. Аталған факті бойынша қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу бастаған. Ал абақты аумағында құм блогын шығаратын серіктестікпен жасалған келісімшарттың күші жойылған. Аталған кәсіпорын бұл мекеме аумағында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келген. Ал 14 шілдеде ЗК-169/1 мекемесінің сотталуышларына жолданған азық-түлікті тексеру кезінде майонез қорабынан SIM-картасы бар ұялы телефон тәркіленген. «Тергеу барысында тапсырыс иесі осындағы ұрлық жасағаны үшін сотталған адам екені белгілі болды. Енді оның сыртттағылармен байланысы шектеледі. Ал тапсырысты жеткізуші Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 481-бабы бойынша жауапқа тартылды», - дейд Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Ескенкелдиев.

Сонда қылмыскерлер сыртағылармен қалай байланысып үлгерген? Оны тіпті мүмкін емес жағдайдай, өтірік таңғалып, көлгірсімей-ақ қоялық. Бәріне тегіс белгілі жәйт. Түрмедегілермен сырттағылар үнемі байланыста болып отырады. Туған-туыстары тамақ, киім-кешек апарып беріп, оны кіргізуге болады. Тіпті, ұялы телефонның өзіне көз жұма «қарауға» болады. Оны қолданатындары құпия емес. Ал бірақ есірткі қалай кірейін деп жүр? Демек осыған дейін де ондй жол болған ба? Әйтеуір Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Ескенкелдиев Қызылорда облысында Қылмыстық атқару жүйесінің аумақтық департаментіне қарасты үш мекеме барын, құрылыс материалы арқылы есірткі кіргізу сияқты қылмыстық әрекеттер облыс аумағында бірінші рет тіркеліп отырғанын, бұдан былай абақты аумағындағы жұмыс берушілердің қызметіне қатаң бақылау орнатылатынын айтты. Кімге қалай сенеміз? Өйткені қазір атқарушышы органдардың өзіне сенім кетті. Күн сайын парамен, жемқорлықпен ұсталып жатқан тәртіп сақшылары бар. Тіпті, кейі сотталып та жатыр.

Мәселен, Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі делінген бұрынғы бес полицейге қатысты айыптау үкімін шығарды

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 2021 жыл 28 маусымда шығарылған. Оларға бес бірдей айып ағылды. Бұл айыптар тәртіп сақшылары үшін парадокс деп білеміз. Өйткені өзі полиция қызметкері бола тұра, осындай қылмысқа қалай барады деп ойлайсың. Оларға тағылған айыптар мыналар: 1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары);

2. Бірнеше рет қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алғаны (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 4-тармақтарымен);

3. Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-баптың 1-бөлігі);

4. Көпе-көрнеу заңсыз ұстап алғаны, күзетпен қамауға алғаны немесе күзетпен ұстағаны (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 414-бабының 1-бөлігі);

5. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттері (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-тармағы), 3-бөлігі) үшін айып тағылды.

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полицейлерді тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, ауырлататын жағдайларды ескере отырып, сотталған адамдарның қылмыс жасауға қатысу рөліне, дәрежесіне қарай 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Соттың үкімімен келіспеген  кей сотталушылар апелляциялық шағым түсірген.

Мейлі, түсіре берсін. Қандай да бір қатысы болса, тіпті, қылмысқа қатыспай, бірақ біліп, жасырып қалған болса да, жаза алу керек. Қылмысты жасыру – қылмыс. Ал жоғарыдағы түрмеге есірткі тасып, тыйым салынған заттарды кіргізіп жүрген заңбұзушыларға есік ашып жүрген кімдер? Олар неге бұндай қылмысқа қорықпастан барады? Оларға неге әкімшілік жаза ғана бар. Неге іште отырған қылмыскер мен сырттан кіргізген адам ғана жазаланады? Оларға осы жағдайды жасап оытрған түрменің басшылығы неге жауапқа тартылмайды? Сұрақ көп!

Түрме біздің түсінігіміздегі түрме болуын қою керек. Ол қылмыс жасаған адамдарды түзеп шығару керек. Ал ондай дәредеге жетпейінше, қылмыс үстіне қылмыс бола бермек.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.