Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

Malim Админ

  • 24.03.2020

Бүгін Республикалық коммуникациялар орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифинг өткізді. Министрдің брифингте айтқан сөздерінен қысқаша тезистер ұсынамыз.

***

Қарапайым заттар экономикасының мәні неде? Оның мәні – біз күнделікті қолданатын заттардың барлығы өз елімізде жасалу керек.

Тамақ, киім, жиһаз, тұрмыстық химия деген сияқты тауарларды біз өзіміз өндіре аламыз. Бірақ тек өндіріп қоя салу жеткіліксіз. Ол тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді болу керек.

Өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымызды қалыптастырамыз. Қазақстанда өндірілген затты сатып алып жатқан әрбір азамат білу керек – ол елдің келешегіне өз үлесін қосуда. Баршаңызды осыған шақырамын.

***

Кешегі Президенттің үндеуі – бұл көп жағдайда ел экономикасының тірегі болып саналатын жұмысшы мамандық иелеріне үндеу. Себебі салық төлейтін, қосымша құн беретін, сұранысты қамтамасыз ететін сіздер.

Бүгінде еліміздегі өңдеу және тау-кен өндірісі мекемелерінде 700 мың адам еңбек етеді.

Үкімет жүз пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жасауда.

***

Мұнай-газ саласында 1355 компания жұмыс істейді, оларда 200 мыңнан астам адам қызмет жасайды.

Тіпті, мұнай баррелінің құны 25 доллар болса да, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Яғни, мемлекет табыс табуды емес, азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

***

Бұл бізге коронавируспен күрескен елдердің тәжірибесін зерделеп, тиімді тұсын пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын.

Енгізілген төтенше жағдай мен карантин бизнеске теріс әсер етіп, экономикаға үлкен салмақ түсіретіні сөзсіз. Сондықтан, мемлекет өзінің әрбір азаматына қамқорлық көрсетеді. Бизнеске жәрдем береді. Алайда, вирусқа қарсы ең тиімді, ең күшті тәсіл бар. Ол – әр адамның оқшаулануы мен жеке бас тазалығын сақтауы. Сондықтан, өзіміз бен жақындарымыз үшін үйде болайық.

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді