Ұлттық кардиохирургия орталығы "Назарбаевқа" сыйға берілді

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының 100 пайыз акциясы Назарбаев Университетіне сыйға берілді.
«Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мемлекеттік пакетін "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз беру», - делінген үкімет қаулысында.
«Назарбаев Уриверситеті» 2010 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі» және «Назарбаев қоры» жөнінде арнайы заңға қол қойған. Дәл осы жылы білім ордасы заңдық статусын өзгертіп, «автономдық білім беру ұйымы» атанған. Университет Білім және ғылым министрлігіне бағынбайды. Өзіндік білім стандартымен жұмыс істейді.
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат
Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны