Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Malim Админ

  • 20.07.2023

Алмастың қызымен түскен суреті

2022 жылы Талдықорғанда 8 қаңтар күні полиция Алмас Мұқашевті көшеде әйелімен кетіп бара жатқан жерінен күшпен алып кеткен. Бес күннен соң Алмастың сүйегін туыстары мәйітханадан белгісіз адамдардың арасынан тапқан. Олардың сөзінше, Алмас Мұқашевты ұстап әкеткенде қалтасында құжаттары болған.  Туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін хат жазып, арызданған соң «азаптап өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып бүгін Талдықорған қалалық соты үкім шығарды. ҰҚК қызметкері Әнет Байтұрсыновты «Алмас Мұқашевті азаптап өлтірді» деген айыппен 10 жылға бостандығынан айырды. «Естіген ақпаратын тиісті органға хабарламаған» деген айыппен ҰҚК-нің тағы бір қызметкері Андрей Сорокиннің бостандығын 4 жылға шектеп, пробациялық бақылау белгілеген. Адвокаттың айтуынша «Алмасты көшеден ұстаған маска таққан қарулы қызметкерлер Талдықорған қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына апарған. Сол жерде ҰҚК қызметкерлері тергеп, бірер сағатта ұрып өлтірген. Қамаудағы ҰҚК қызметкері Алмасты өлтіріп қойғанын әріптесіне, яғни үйқамақта отырған ҰҚК қызметкеріне айтқан. Ал ол қылмысты ести тұра хабарламаған.  Тергеу кезінде естен танып қалған Алмас Мұқашевқа жедел жәрдем екі рет шақырылған. Бастапқыда тергеуші Әнет Байтұрсынов жедел жәрдемнің Алмасты әкетуіне рұқсат етпеген. Кейін тағы шақырып, ҰҚК тергеушісі де ауруханаға ілесе барған. «Бұл – террорист» деп, әл үстінде жатқан Алмастың қолындағы кісенді де шешкізбеген».

Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау бойынша 329 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша бүгін 5 адамға Наурызбай аудандық сотында үкім шықты.