Ұн бағасы бір жылда  қалай қымбаттады?  

Malim Админ

  • 07.11.2022

1 жылда елімізде ұн бағасы 45 пайызға дейін қымбаттаған.    

Еnergyprom.kz  дерегінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 2,3 млн тонна ұн өндірілді. Өндірістің жартысынан көбі Қостанай мен Солтүстік Қазақстан  облыстарына, сонымен қатар Шымкент қаласына тиесілі.  

Еліміздің ұн тартатын кәсіпорындары ішкі нарықты өніммен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар қаңтар-тамыз аралығында олар ұн экспортын 28,3 пайызға арттырып, 1,1 млн тоннаға жеткізді.

Алайда, ішкі нарықта ұн сату бірден 22,2 пайызға, 838,8 мың тоннаға дейін қысқарып отыр. Ал өткен жылы 3,6 пайыз өсім байқалған еді. Өткен жылмен салыстырғанда осы жылдың қаңтар-тамыздында бидай немесе бидай-қарабидай ұнының экспорттық бағасы бірден 41,6 пайызға қымбаттап кеткен.

Биылғы қазан айының қорытындысында ішкі нарықта тұтынушыларға арналған ұнның бағасы жыл басынан бері 41,3 пайызға және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3 пайызға қымбаттады. 2022 жылдың қазан айында жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты ұн 245 теңге болды.

Қазақстан қалалары арасында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат Астанада (1 келісі 447 теңге), Ақтауда (411) және Шымкентте (406), ал ең арзаны Ақтөбеде (279 теңге), Павлодарда (292), Жезқазғанда (296) және Семейде (296) тіркелген.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісіне ең жоғары баға Ақтауда (335 теңге), Алматыда (306) және Астанада (298), ең төмені Петропавлда (145 теңге), Қарағандыда (184) және Павлодарда (186).

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.