freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ пен Иран Швейцарияда соғысты тоқтату мәселесін талқылайды

Әлем
АҚШ пен Иран Швейцарияда соғысты тоқтату мәселесін талқылайды
Фото: Fabrice Coffrini/AFР

АҚШ пен Иран өкілдері 21 маусымда Швейцарияда кездесіп, Вашингтон мен Тель-Авивтің Тегеранға қарсы әскери операцияларын тоқтатуға бағытталған уақытша келісімнің негізгі шарттарын талқылайды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Келіссөздерге АҚШ делегациясын вице-президент Джей Ди Вэнс бастап келеді. Оның құрамында Джаред Кушнер мен арнайы өкіл Стив Уиткофф бар. Иран тарапынан Мәжіліс төрағасы Мохаммад Багер Галибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қатысады.

Техникалық деңгейдегі келіссөздерге Пәкістан мен Катар өкілдері де делдал ретінде қатыспақ.

Кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасы, Ливандағы жағдай, сондай-ақ Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі мәселелері қаралады.

Джей Ди Вэнс келіссөздердің нәтижелі өтетініне үміт білдіріп, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша және Ливанның оңтүстігіндегі атысты тоқтату мәселесінде ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу