ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды

Malim Админ

  • 06.02.2020

Қазақстанда исламның салафизм ағымына әзірге тыйым салу туралы мәселе қарастырылмайтынын хабарлады. Бұл туралы Malim.kz сайты Sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали БІЛІСБЕКОВТІҢ айтуынша, құзырлы орган бұл мәселені жан-жақты зерттеген.

«Біз бұған дейін салафизмді жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ», - деді Білісбеков.

Оның айтуынша Таяу шығыстағы соғыс жүріп жатқан аймақтарға кетіп жатқандар арасында салафизм өкілдері ғана емес дәстүрлі дінді ұстанатындар да бар көрінеді. Білісбеков қоғамда бұл ағымға қатысты даулар жиі болып тұратынын жоққа шығармағанмен, салафизмді террористік ұйымға жатқызуға болмайды дейді.

«Мәселен, «Хизбут-Тахрир» немесе «Таблиғи Жамағат» сияқты ұйымдардың орталығы мен құрылымдары бар. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі. Ал салафизм – бұл дінге деген көзқарас, діни ағым», - деді ол.

Комитет төрағасының орынбасары ұсынған мәлімет бойынша бұған дейін қақтығыс аймағынан Қазақстанға қайтарылғандардың ішінен 41 қазақстандық жазаға тартылған.

Фото: Altyn-orda.kz

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

22.04.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады