Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үшінші мегаполисте жастарды жұмыспен қамту жалғасуда

Сұқбат
Үшінші мегаполисте жастарды жұмыспен қамту жалғасуда

Қазақстанның ең ірі қалалары қатарына кіргеніне көп бола қоймаған үшінші мегаполис – Шымкент қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Жыл басталғалы бергі екі айдан аса уақытта 472 жұмыссыз жүрген жастар бағдарлама аясында медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолдама алды.  «Жастар практикасы» аталатын, жастарға үлкен мүмкіндік беретін бұл бағдарлама негізінен уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Оның шартына сәйкес, бағдарламаға қатысушы 29 жастан аспаған және жұмыссыз болуы керек. 2018-2020 жылдары жоғарғы оқу орындарының түлектері де өз мамандығы бойынша қатыса алады. 6 ай бойы 25 АЕК жалақы алатын жастарбұл бағдарламаға жастар бір-ақ рет қатысуға мүмкіндік алады.

Жалпы, бұл бағдарлама аясына биыл 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу