«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

Malim Админ

  • 03.12.2020

Қызылордада ​ 12-ші қарашада облыс әкімі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА облыстық жедел-жәрдем станциясына 44 көлік табыстаған болатын. Бұл санитарлық көліктер жақын арада аудандарға кетуі керек еді. Десек те әлі күнге дейін барлық көлік әлі қаладағы көпбейінді ауруханада екен. Жедел-жәрдем станциясының бас дәрігерлері әлі құжаттарын «растаможкадан» өткізіп жатырмыз дейді. Және де бұл жайт жұмысымызға кедергі болмай тұр дегенді алға тартады. Сонымен су жаңа көліктер қар астында қаңтарылып тұр.

«Табысталған кезде енді жалпы 40 автокөлігіміз келді. Келгеннен кейін  3-4 күннен кейін табыстауға бізге кілтін ұсынды. Енді одан басқа ресми түрде біз құжаттарын дұрыстауымыз керек. Біз енді сақтандыру полисі бар, сосын жанағы техникалық қызметі бар деген сияқты. Осының барлығы қаржы мәселесі келісім бойынша кезең-кезеңімен  шешілді. Енді жол полициясынан номер алу қалды. Ол жуық арада шешіледі», - деді  Қызылорда облыстық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат ҚҰРМАНҒАЛИ.

Мемлекеттік номерлері дайын болмасада облыс әкімі жедел жәрдем автокөліктерін жедел беріп тастамақшы болған секілді. Жедел-жәрдем қызметінің бас дәрігері жақын күндері бұл машиналар  аудандарға аттанады дейді. Айтуынша, қазіргі  аймақтық медицинада көліктен проблема жоқ. Алайда, бұл пікірмен қызылордалықтар келіспейді.

«Жалпы мына халыққа қызмет ететін жедел-жәрдемге көңіліміз толмайды. Себебі шақырсаңыз өзі дер кезінде келмейді. Қазіргі жүрген жедел-жәрдемнің барлығы тозығы жеткен, көне. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Гүлшара ханым осы жедел-жәрдемге 40 дана жаңа жедел-жәрдем машинасын берді. Сол жедел-жәрдемдерді біз қаланың көшелерінде көрмейміз. Олар неге халыққа қызмет етпейді», - дейді өзін Ғани деп таныстырған тұрғын. 

«Үйде науқас анам бар. Уақытылы «скорый» келмейді, сол себепті көңіліміз толмайды. Жарты сағат бір сағат дегенде зорға келеді Коммунизм мөлтек ауданына. Уақытылы мүлдем келген емес осы уақытқа дейін», - дейді Нұрсұлтан есімді тағы бір тұрғын.

Айта кету керек жаңа санитарлық көліктер заман талаптарына сай қосымша құрылғылармен ​ қамтылған. Ішіндегі кислородтың көлемі ескі үлгідегі жедел-жәрдем көліктерінен 2-3 есе көп. Сол себепті қызылордалықтар бұл темір тұлпарларды асыға күтіп отыр десек артық айтпаспыз.

Фотоларды автор ұсынды. 

Оңғар САЙМОСАЕВ

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

21.04.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

21.03.2025

Қайын інісі жеңгесіне бауырын берген: Қызылордада күрделі ота жасалды

17.01.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

ұл жолы аймақ басшысы Шиелі ауылына құны 41 миллион теңгеден басталатын Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігімен келді

Қайын інісі жеңгесіне бауырын берген: Қызылордада күрделі ота жасалды