"Заңдағы нормалар халықаралық конвенцияға сәйкеседі"

Malim Админ

  • 20.05.2020

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға қатысты пікір білдірді.

«Жалпы, бұл заң біраз талқыланды, яғни қоғамдық талқылау көп болды. Әрине, бұрынғы құжатқа қарағанда қазіргі заң айтарлықтай ілгерілеуді байқатып отыр. Осы орайда бұл бағытта жасалған қадамдарды толықтай қолдаймын. Себебі «Азаматтар туралы пакті» деген халықаралық құжат бар, сонда адамдардың құқықтары толықтай сақталуы тиістігі көрсетілген. Біздің Конституцияда да оның барлығы ескерілген», - деді С. Ақылбай.

Бұл тұрғыда ол «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы бұрынғы заңнамаға қарағанда елеулі түзетулерді қамтығанын атап өтті. Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланғанына тоқталған С. Ақылбай: «Осы орайда өзінің пікірін айтушылардың құқығын ғана емес, жалпы қоғамның құқығы сақталуы керек. Мысалы, митингіге қатыспайтын басқа адамдардың, автобусқа отырған жолаушылардың, көшеде серуендеп жүргендердің құқығы бұзылмауы тиіс. Сондықтан осы заңда бұл мәселеге қатысты дұрыс шешім қабылданған», - деді.

Сонымен қатар Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы аталған құжатта митинг, жиналыс, демонстрация мен шеруге қатысты нақты сипаттама берілгенін тілге тиек етті. «Қазіргі уақытта біз цифрлық технологияны кеңінен пайдаланып келеміз. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн белгіленген арнайы орындарда онлайн режимде көрсететін құралдар болады, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Жиналыста айтылған мәселенің барлығын тікелей эфирден көру мүмкіндігі жасалады. Яғни, халықтың құқығы толықтай халықаралық конвенцияға сәйкес сақталған. Сондықтан бұл заңды өте дұрыс құжат деп санаймын», - деді Серік Ақылбай.

Еске сала кетейік, биыл 14 мамырда ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасына бірқатар түзету енгізді. Ал бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

Дереккөз: inform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін