Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шорт-тректен әлемдік турдан қола жүлде бұйырды

Спорт
Шорт-тректен әлемдік турдан қола жүлде бұйырды

Италияның Милан қаласында шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандастарымыз 5000 метрге эстафеталық сайыс бойынша сынға түсті. Қазақстан атынан Әділ Галиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Жерлестеріміздің жолы болды десек, қателеспейміз. Өйткені Қытай құрамасының спортшылары құлап, Оңтүстік Корея атлеттері дисквалификация алды.

Италия құрамасы үздік уақыт нәтижесімен (6:42.85) жеңімпаз атанса, Канада (6:42.90) күміс жүлдеге ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу