12 гол жіберген Сандалова эмоциясын жасыра алмапты

Malim Админ

  • 08.12.2020

Еуро-2021 чемпионатының іріктеу кезеңінде Франция құрамасымен болған ойында 12 гол жіберген Қазақстанның әйелдер құрамасының қақпашысы Ирина Сандалова желіде тарап кеткен ролик туралы пікірін айтты.

Роликте Сандалова гол жіберген сайын және қауіпті сәттерде айғайлап, боқауыз сөздер қолданады.

«Әрине, ол роликті көрдім. Меніңше Қазақстанда оны көрмеген адам қалған жоқ. Маған бұл қызық емес. Бірақ менің боқауыз сөздер айтқанымды ауыр қабылдағандарды көргенде таңғалдым. Мен қақпашымын, жұмыс сондай – кеңес айтам, айғайлаймын, дөрекі боламын".

Оның сөзінше Франция құрамасымен болған ойында бар ауыртпалық қақпашыға түскен. «Мен ол күні жалғыз ойнаған жоқпын. Жанымда он адам болды. Бірақ менің қақпама бар күш түсті. Қиын болды, 6-7 адам қақпаның алдында тұрды. Олар да қорғауға барынша тырысты. Допты көруім де қиындап кетті. Бірақ қолдан келгенше тырыстым. Қақпаның артына не үшін микрафон қойғандарын білмеймін, бірақ бір нәрсе айтайын: барлық футболшы боқтайды. Әлемде барлық адам боқауыз сөз қолданады. Тура сол сәтте эмоцияны жасыру қиын еді», - деді Сандалова.

https://www.youtube.com/watch?v=e_vYYx1P50w