Әлем чемпионы атанған боксшы қыздарға қанша доллар сыйақы берілді?

Күміс пен қола жүлде алған боксшылар да ақшалай сыйақымен марапатталды

Сұлу Бөлек

  • 03.05.2025

Биыл Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар мен олардың бапкерлеріне арнайы сыйақы берілді, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп чемпиондарға – 100 мың (50 миллион теңге), күміс жүлдегерлерге – 50 мың, қола медаль алған спортшыға – 25 мың доллардың сертификатын табыстады.

"Біз федерация тарапынан тұрақты түрде әлемдік аренада үздік шыққан боксшыларымызға сый-сияпат үлестіріп тұрамыз. Дегенмен, отандық спорттың басты тірегі – мемлекет екенін ұмытпау қажет. Қазақстанда спортшылардың жоғары деңгейде жаттығуына да, әлеуметтік жағдайға алаңдамай дайындық жасауына да барлық мүмкіндік жасалып отыр. Осы бағытта Қазақстан Туризм және спорт министрлігі жүйелі жұмыс атқарып жатыр.

Спорт майталмандары мемлекет үшін де, халық үшін де аса қадірлі және құнды. Әлбетте, бұл сүйіспеншіліктің қайтарымы елге және өз ісіңе адалдық, Отаныңның намысы үшін еш аянып қалмай еңбектену және күресу", - деді.

Еске салайық, әлем чемпионатында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева алтын медаль иеленген. Ал Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова күміс медаль жеңіп алса, Наталья Богданова қола жүлдеге қол жеткізген.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Байланысты жаналықтар

13 мамырға арналған валюта бағамы

13.05.2025

Дүйсенбіге арналған валюта бағамы қандай?

12.05.2025

11 мамырға арналған валюта бағамы айтылды

11.05.2025

Демалыс күндерге арналған валюта бағамы қандай?

09.05.2025

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

08.05.2025

8 мамырдағы теңге бағамы

08.05.2025
MalimBlocks
13 мамырға арналған валюта бағамы

Дүйсенбіге арналған валюта бағамы қандай?

11 мамырға арналған валюта бағамы айтылды

Демалыс күндерге арналған валюта бағамы қандай?

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

8 мамырдағы теңге бағамы