Азат Мақсұмның октагонға оралатын күн белгілі болды

Азат Мақсұмның қарсыласы бұған дейін Асу Алмабаевтан ұтылған.

Сабина Асқарқызы

  • 06.06.2024

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (17-1) UFC октагонына 3 тамызда оралады, деп хабарлайды Malim.kz.

UFC-дегі үшінші айқасын жерлесіміз американдық Си Джей Вергарамен өткізбек. Ал бұл жекпе-жек 3 тамыз күні Абу-Дабидегі Умар Нурмагомедов пен Кори Сэндхаген айқасының аясында ұйымдастырылады. Кардта Тони Фергюсон - Майкл Кьеза және Ник Диас - Висенте Люке жекпе-жектері күтіп тұрғанын да айта кетейік.

Еске салсақ, биылғы ақпан айында Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде төрешілердің ортақ шешімімен американдық Чарльз Джонсонға (15-6) есе жіберді.

Ал Вергара 9 наурызда Асу Алмабаевтан ұтылды.

Қазіргі таңда Азат пен Асу АҚШ-та жаттығып жүр.

Азат Мақсұм UFC-дегі дебютін 16-0 көрсеткішімен бастаған.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қуат Хамитов «сүйіктісін» көрсетті

07.04.2025

Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

04.04.2025

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

02.03.2025

Асу Алмасбаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

03.01.2025

UFC: Шавкат Рахмоновқа қарсылас табылды

15.11.2024

Шавкат Рахмонов базарда қарбыз сатып табыс тапқанын айтты

31.10.2024
MalimBlocks
Қуат Хамитов «сүйіктісін» көрсетті

Спортшы қазір Таиландта жүр.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

Спортшы қыз тұңғышының есімін Жұлдыз деп қойған.

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

Асу Алмасбаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

Ол австралиялық спортшымен шығады

UFC: Шавкат Рахмоновқа қарсылас табылды

Айқас 8 желтоқсан күні өтеді.

Шавкат Рахмонов базарда қарбыз сатып табыс тапқанын айтты

Жерлесіміз қазір АҚШ-та жаттығу жасап жүр.