«Бар жұмысты денеме арта салдым». Нариман Курбанов қуанышты әсерін айтып берді

Ол спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Мәди Саматұлы

  • 04.08.2024

Қазақстандық гимнаст Нариман Курбанов Париж-2024 Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленгеннен кейін алғашқы әсерін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның қуанышқа толы әсерлі сөзі Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.

Снарядқа келдім де комбинация басталар алдында бар жұмысты денеме арта салдым. Мимен ештеңе ойламай, тек соңына дейін жаттығуды орындай бердім. Мұның бәрінен қалай өткенімді өзім де түсінбей тұрмын. Ұзақ жылдар бойы жасап жүрген комбинацияны автоматты түрде орындап шықтым. Қазіргі олимпиадалық циклді есепке алар болсақ, мен бағдарлама соңында жиі құлайтынмын. Бұл менің техникалық немесе тактикалық тұрғыдағы кемшілігім емес, психологиялық тұрғыдан беріліп қоятынмын. Бүгін бар тәжірибемді жинап, ең маңызды турнирде білгенімді түгел орындадым, дейді ол.

Өзінің айтуынша, жарыстарда бағдарламаны бірінші де, соңғы да болып  орындап жүрген. Бұл жолы ортаға бірінші шығып, алғаш боп атқа жақындағанда ең үлкен артықшылығы – қарсыластардың бағасын көрмеген. Осы жағынан қысым болмаған.

Ирландиялық спортшының 15,5 ұпай алғанын көрсем, қобалжи бастаушы едім. Олимпиада медалін таныстырған соң, сол суретті сақтап қойдым. Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін бақыт, деді Құрбанов. 

Айта кетейік, ол спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша 15.433 ұпаймен екінші орын алған еді.

Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші – 15.533. Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Байланысты жаналықтар

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025
MalimBlocks
250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген