Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

Спорт
Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

Ел назарынан тыс қалған Бауыржан Исламхан  футболға қайта оралды.  Ол шымкенттік «Ордабасы»  клубымен ресми келісімшартқа отырды.     

«Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бато кәсіби мансабын «Тараз» сапында бастаған. Бұдан бөлек, «Астана», «Қайрат», ресейлік «Кубань» мен БАӘ-нің «Әл-Айн» командаларында ойнаған», - делінген клуб хабарламасында.

Бауыржан Исламхан 9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.

Еске салайық, Исламхан 2020 жылғы желтоқсанда «Аль-Айн» құрамында екі жылға ойыннан шеттетілген болатын. Қазір дисквалификация уақыты аяқталды.

Шымкенттіктер Қазақстан чемпионатының бастапқы ойынын 4 наурызда өз алаңында ақтаулық «Каспийге» қарсы өткізеді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу