Бокстан Азия чемпионаты: Өзбекстанның 11, Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалда

Жартылай финалға соның ішінде 10 боксшы өтті

Сабина Асқарқызы

  • 07.12.2024

Бұл күндері Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан кезекті Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кеше ширек финалдағы жекпе-жектер аяқталып, бүгін қыздар арасындағы жартылай финал басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Азия біріншілігіне негізгі құрамды апарған еді. Жартылай финалға соның ішінде 10 боксшы өтті. Үшеуі жеңіліс тапты. Бізге қарағанда үздіктерін аламанға қоспаған Өзбекстанның 11 боксшысы жартылай финалға жолдама алды.

Жүлдесіз қалғандар

Жастар арасындағы бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, 2019 жылғы Азия чемпионы Бейбарыс Жексен ересектер арасындағы алғашқы Азия біріншілігін ерте аяқтады. Жақында Шымкентте өткен Қарақозы Әбдалиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің 60 келі салмақтың финалында тәжірибелі боксшы Серік Теміржановты жеңген Бейбарыс үшін Таиланд шаршы алаңы аса сәтті бола қоймады.

Алғашқы айналымда-ақ өзбекстандық қарсыласы – Дилшод Абдумуродовты үйіне қайтарғанымен, одан кейін тәжікстандық  Акмал Убайдовтан айласын асыра алмады. 

Тағы бір өкініштісі – Сәкен Бибосыновтың өзбек боксшыларына келгенде жолы болмай жүр. Бұл жолы 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы  Асылбек Джалилов отандасымызды жүлдесіз қалдырды. 51 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан жекпе-жекте төрешілер өзбек боксшысының қолын көтерді.

Айта кетейік, Бибосынов соңғы жылдары өзбек боксшыларын жеңе алмай жүр.  Сәкен бірнеше жыл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовпен бокстасып келді. Екеуі төрт рет кездесіп, соның үшеуінде қарсыласы жеңіске жетті. Соңғы рет Париж Олимпиадасында жолдары түйісті.

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Мырзағали Айтжановтың тағы бір жеке шәкірті  63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы да жарысты ширек финалдан аяқтады.

Ол шаршы алаң иесі таиландтық Сомчай Вонгсуванмен кездескен. Бұл жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Сөйтіп үш боксшымыз жүлдеден тыс қалды.

Жартылай финалда жұдырықтасатындар

8 желтоқсан күні ерлер құрамасы жартылай финалда сынға түседі. Қазақстанның 10 боксшысы ел намысын қорғайды. Әзірше Камбоджа елі тарихи жүлдесіне қол жеткізсе, Шри-Ланка мемлекеті 37 жылдан соң, медаль жеңіп алды.

Сонымен  Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92+ кг) жартылайға финалға өтті.

Жартылай финалға қай елден қанша боксшы өтті:

Өзбекстан - 11

Қазақстан - 10

Украина - 5

Тәжікстан - 5

Филиппин - 4

Таиланд - 3

Моңғолия - 3

Қытай - 3

Жапония - 2

Тайпей - 2

Қырғызстан - 2

Камбоджа - 1

Шри-Ланка – 1.

Фото - Спортты дамыту дирекциясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

Отандастарымыз Әзірбайжанда жаттығу өткізіп жатыр

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.