Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

Бұған дейінгі үш күнде күрескен балуандардың нәтижесі аса мәз емес

Malim Админ

  • 10.05.2023

Қатарда дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова мен ерлерден 81 келіде Абылайхан Жұбаназар күресті.

Айтулы жарыстың бел ортасынан асса да Ұлттық құрама балуандары әзірге жүлдеге қол жеткізе алмай келеді. Бүгін татамиге алғаш болып шыққан Эсмигүл алғашқы халықаралық дзюдо қауымдастығы құрамасы атынан сынға түскен Ресей спортшысы Камила Бадуровадан ұтылды. 

Ал Абылайхан Жұбаназар ә дегеннен жарысты жақсы бастады. Бірінші белдесуде ол Португалия өкілі Жоао Фернандоны таза ұтқан еді. Алайда екінші айналымда өзі «иппонға» түсіп қалып, бразилиялық Эдуардо Юди Сантосқа жол беруге мәжбүр болды.

«Бүгін португалиялық қарсыласымнан есемді қайтардым, алдында одан жеңілген едім. Ал екінші кездесуге келер болсақ, басымдық менің жағымда болды. Қарсыластың екі «шидосы» барын көріп, екі рет шабуыл жасадым. Үшінші ескерту алсын деген мақсатпен тағы алға ұмтылдым. Бірақ қателік жіберіп қойдым. Тым асығып кеттім. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын», - деді Абылайхан Жұбаназар.  

Бұған дейінгі үш күнде күрескен балуандардың нәтижесі аса мәз емес. Олардың арасында ең үздік нәтиже әйелдер құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова тиесілі. 48 келіде күрескен отандасымыз қола жүлде үшін күресіп, әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады. Ал Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов іріктеу кезеңдерінде өзбек спортшысынан таза ұтылды.

Ертең әлем чемпионатында тағы екі балуанымыз татамиге шығады. Олардың қатарында әйелдер арасында Анастасия Маякова (70 кг) күрессе, ерлерден Дидар Хамза (81 кг) өз шеберлігін тағы көрсететін болады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды