Ел күткен ЕУРО-2024: Қай құрама жеңіске жетеді?

Бұл бәсекенің бұрынғы чемпионаттардан ерекшелігі қандай? 

Олжас Қасым

  • 14.06.2024

4 жылда бір келетін ЕУРО 2024 аламаны бүгін шымылдығын түреді. Астана уақыты бойынша 23:40-та құрлықтық дода Германия мен Шотландия кездесуімен ашылмақ. Футбол жанкүйерлері алда өтетін ойындарда кім жеңеді деген сұраққа қызу талқы жүргізіп, түрлі болжамдар  айтып жатыр.

Malim.kz маңызды матчтар алдында футбол сарапшыларын сөзге тартып, пікір-пайымын біліп көрді.

Белгілі футбол комментаторы, сарапшы Ермұхамед Мәулен Еуропа чемпионатында Франция ұлттық құрамасы чемпион болады деп топшылайды.

Оның пікірше, Дидье Дешам шәкірттеріне қарсы тұрар қайратты команда жоқтың қасы. 

«Бұл құрама сапында Килиан Мбаппе, Антуан Гризманн, Ольвье Жиру сияқты әлемдік футбол жұлдыздары бар. Олар биыл бұрынғы қарқынынан да мықты, күшейіп алды десе де болады. Екінші құрамының өзінде сайдың тасындай, алдындағысын жапырып өтетін ойыншылар жетерлік. Сондықтан, Франция финалда ойнайтыны анық. Қазір футбол сарапшылары «Франция ақтық кезеңде кіммен ойнайды?»  деген сұрақты алға тартып отыр. Биылғы фавориттер сапынан алаң қожайыны – Германияны көремін, Англия да  жақсы ойын өрнегін көрсетеді. Испания да оңай шағылар жаңғақ емес. Бұл құрамда жалындап тұрған жастар көп.   

Төртжылдықтың басты додасының Германия сынды футбол тарихында орны бар елде өтуінің өзі ойнның бәсі жоғары болатынын аңғартады. Бұл бәсекенің бұрынғы чемпионаттардан ерекшелігі қандай? 

Құрлықтық дода елдің 10 шаһарында болады. Олардың қатарында Берлин, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт қалалары бар. Бір ерекшелігі – чемпионат дамыған мемлекетте өткелі жатыр, соңғы, заманауи, озық технологиялар қолданылады. Бұл доп додасын ауқымды фестиваль деп те айтсақ жарасады. 

Төртжылдықтың басты бәсекесіне алғаш рет қатысқалы отырған командалар да бар. Мысалы, Сербия мен Грузия 53 құрама қатысқан іріктеу кезеңдерінен өтіп, айтулы жарысқа шығып отыр. Сондай-ақ бұған дейін сегіз жылдай Еуропа біріншілігінен сырт қалған түркиялықтар және Украина ойынға қайта қосылды.  Осы жолы Украина жартылай финалға шығуы керек.

Чемпионаттың теңбіл добы Connected Ball технологиясымен әзірленген.

Чиптелген, «смарт» доп, бұл. Ол VAR жұмысын жақсартуға және деректерді дәл ұсынуға мүмкіндік жасайды. Яғни, осыған қарап төрешілер оның қақпаға кірген-кірмегені, футболшының допқа қолы тиген-тимегені бәрін де оңай анықтайды. Бұрынғыдай VAR видеобақылау жүйесіне жүгініп, уақыт кетірмейді. Сонымен қатар, командаларға қосымша берілетін уақыт 4 минуттан аспайды. Біріншіліктің ерекшелігі сонда», - дейді Е.Мәулен.

Бүгіннен бастап шілде айының 14-не дейін Еуропа біріншілігін «Qazaqstan» және  «Qazsport» арналары көрерменге тікелей эфирде ұсынады. Ойындарға комментаторлық ететін спорт журналистерінің арасында Уәлихан Қосанбай да бар.

«Еуропаның үздік құрамалар кездесуін бір ай бойы 16 комментатор жүргізеді.  Құрлықты додада 24 команданың 51 кездесуі өтеді. Біздің негізгі міндетіміз – матчтарға тыңғылықты әзірленіп, құрамалардың ойынын дұрыс сараптап, артық-кем тұстарын көрерменге жеткізу. Бұл ретте жанкүйерлер де барынша белсенді болып, өздерінің сүйікті құрамаларына қолдау көрсетсе...» - дейді ол.  

Футболдан Еуропа біріншілігінің ашылу салтанаты бүгін «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Басталу уақыты - 23:40-та.

Ал чемпионат шеңберіндегі матчтарды Ұлттық арна мен Qazsport-тан тамашалай аласыз.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері өткізіліп келеді.  

Фото: ru.uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық жас дарын «Челсиге» ауысуы мүмкін

17.01.2025

«Бір өлімнен аман қалдық»: Танымал футболшы отбасымен жол апатына түсті

17.01.2025

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады – сарапшы

15.01.2025

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

13.01.2025

Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

10.01.2025

Германия құрамасымен бәсекеде Қазақстан алға шықты

01.01.2025
MalimBlocks
Қазақстандық жас дарын «Челсиге» ауысуы мүмкін

Түпкілікті шешім ақпанның аяғына дейін қабылданады

«Бір өлімнен аман қалдық»: Танымал футболшы отбасымен жол апатына түсті

Бұл туралы спортшының жары әлеуметтік желіде мәлімдеді

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады – сарапшы

Сондай-ақ, наурыздағы шешімінде де Ұлттық банк сол күйі қалдыратынын айтады

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

Сарапшылар болжамын Ұлттық банк жариялады

Германия құрамасымен бәсекеде Қазақстан алға шықты

Рыбакина қарсыласынан басым түсті