Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» ұлттық онкүндік басталды

Мәди Саматұлы

  • 04.08.2024

Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты.

Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3 мыңға жуық балық шабағын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтеді. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. Мәселен, 4 тамыз – өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Әр қазақстандық жылына қанша келі қоқыс тастайды?

05.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

29.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Әр қазақстандық жылына қанша келі қоқыс тастайды?

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

Әнші жастық шақтың қадірін білу керегін айтты

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді