Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ешбір кездесуім оңай болған жоқ — Демеу Жадыраев

Спорт
Ешбір кездесуім оңай болған жоқ — Демеу Жадыраев

Париж Олимпиадасында Грек-рим күресінен күш сынасып жатқан қазақстандық балуан Демеу Жадыраев сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады.

«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім.  Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», - деді Жадыраев.

Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу