Еуро-2026. Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеуді жеңіліспен аяқтады

Арман Қайыпхан

  • 12.03.2025

Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кака жаттықтыратын команда Армения құрамасымен кездесті.

Ереванда өткен топтық кезеңнің алтыншы туры 4:2 есебімен Арменияның пайдасына аяқталды.

Бірінші тайм алаң иелерінің басымдығымен өтті. 6-минутта Никита Хромых есеп ашса, 13-минутта дубль жасап, Арменияның басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасы үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартты – 15-минутта Дәурен Тұрсағұлов гол соқты.

Екінші таймда Хромых хет-трик авторы атанып, Армения қайтадан екі доп айырмашылығымен алға шықты. Ал 27-минутта армян қақпашысы Альберт Агажанов гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді. 32-минутта Қазақстан құрамасы қарсыластың автоголының арқасында бір гол қайтарды – Агажанов өз қақпасына соғып алды.

Бұл жеңістен кейін Армения 16 ұпай жинап, топта бірінші орынмен Еуро-2026 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Қазақстан 10 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

Егер Қазақстан жеңіске жеткенде, 13 ұпаймен топ көшбасшысы атанып, тікелей жолдама алар еді. Өйткені тең ұпай жинаған жағдайда Қазақстан құрамасы Армениядан өзара кездесулердің нәтижесі бойынша жоғары орналасатын (бірінші матч тең аяқталған).

6-топтағы жағдай:

1. Армения – 16 ұпай

2. Қазақстан – 10 ұпай

3. Албания – 3 ұпай

4. Дания – 3 ұпай

Айта кетейік, Албания мен Дания 12 сәуірде соңғы ойынын өткізеді.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

16 мамырға арналған валюта бағамы

16.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

15.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

16 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі