Футбол федерациясын басқарудан үміткерлер жаппай бас тартып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 19.12.2024

Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне сайлау жақындаған сайын үміткерлер саны азайып жатыр. Алғашында олардың саны алтау болса, қазір тек үшеуі қалды, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ерлан Жамантаев пен Наргис Мағау сайлаудан бас тартса, енді бүгін олардың қатарын Давид Лория толтырды.

«Бүгін мен көптеген адамды таң қалдыратын, кейбіреулердің көңілін түсіруі мүмкін шешім қабылдадым. Яғни, бұл – Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне өз үміткерлігімді алып тастау туралы. Бұл шешім кездейсоқ емес. Мен өз үміткерлігімді Марат Омаров үшін алып тастамақшымын. Себебі оның Қазақстандағы футболды дамыту жөніндегі көзқарасы мен тұжырымдамасы маған жақын келеді. Оның біздің футболымызды жаңа деңгейге шығара алатынына, бәрін біріктіріп, бүгінгі ғана емес, ұзақ мерзімді болашақта да қажетті бағытқа бағдар алатынына шын жүректен сенемін. Марат Омаровтың бойында осы мақсаттарға жету үшін барлық қажетті қасиеттер бар. Ең бастысы – ол футболды бала кезінен бері жақсы көріп, осы күнге дейін ойнап, қызығып, футболмен өмір сүріп келеді», - дейді Давид Лория.

Айта кетейік, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді, онда федерацияның жаңа басшысы анықталады.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды